Жаңа инвестициялық кезең

16.02.2021

ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев елімізде бизнесті қолдау бойынша шұғыл шаралар қабылданатынын хабарлады.

Министр орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ ұлттық холдингтер сыртқы және ішкі инвестицияларды тарту, қолжетімді кредиттеуді қамтамасыз ету бойынша үйлесімді жұмыс істеуі қажеттігін атап өтті.

"Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету шеңберінде мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыру және салықтық-кедендік әкімшілендіруді жақсарту бойынша шаралар қабылдау қажет. Жаңа инвестициялық кезеңді қалыптастыру экономиканы қалпына келтіру және одан әрі сапалы дамыту үшін базалық шарт болып табылады", - деп мәлімдеді Әсет Ерғалиев Үкімет отырысы кезінде.

Министрдің айтуынша, соңғы үрдістер базалық импортқа тәуелділікті төмендету және экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ішкі сұраныс әлеуетін іске асыру қажеттілігін көрсетті.

"Жүргізіліп жатқан контрциклдық макроэкономикалық саясат шеңберінде сапалы инфрақұрылымды белсенді дамыту қажет. Бұл қосымша жұмыс орындарын құруға, іскерлік белсенділікті ынталандыруға, сондай - ақ экономиканың әлеуетті өсуін арттыру үшін негіз құруға мүмкіндік береді", - деді ведомство басшысы.

Бұған дейін, 12 ақпанда ведомство басшысы кәсіпкерлікті дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын қалыптастыру туралы хабарлады.

"Біз экономиканың өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешен, туризм, IT, құрылыс, сауда және көлік сияқты салаларында шағын және орта бизнесті дамытуда үлкен әлеуетті көріп отырмыз. Бұл әлеуетті іске асыру жаңа реттеушілік саясатты және өзара байланысты салалық саясаттар кешенін жүргізу арқылы қамтамасыз етілетін болады. Бұған сондай-ақ мемлекеттің экономикадағы үлесін 14% - ға дейін төмендету, бәсекелестікті дамыту, көлеңкелі экономиканы 15% - ға дейін төмендету ықпал ететін болады. Мұның бәрі Кәсіпкерлікті дамытудың 2025 жылға дейінгі жаңа тұжырымдамасында жүйелендірілетін болады. Бұл құжатты Ұлттық экономика министрлігі бизнеспен тығыз ынтымақтастықта қалыптастырып жатыр", - деді министр "Nur Otan" фракциясының кеңейтілген жиналысында.

Әсет Ерғалиев сондай-ақ Министрлік экономиканың құрылымындағы ШОБ үлесінің өсуіне әсер ететін индикаторларға қарқынды мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін кәсіпкерліктің цифрлық картасын әзірлеп жатқанын хабарлады.  

"Бұл индикаторлар жылдар бойынша да, экономика салалары бойынша да декомпозицияланған. Бұдан әрі индикаторлар өңірлік бөліністе де ыдырайтын болады", - деп түйіндеді ҰЭМ басшысы.




Қарау саны: 2953
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!