Total инвестициялары:
18.02.2021
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Total концернінің барлау және өндіру бөлімшесінің президенті Арно Брейякты қабылдады. Кездесу барысында көмірсутегі секторындағы бірқатар жобаларды іске асыру, Қазақстан мен Total концернінің өзара іс-қимылының келешектегі перспективалары, сондай-ақ жаңа инвестицияларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.
Француздық Total мұнай-газ компаниясы Қазақстандағы ірі мұнай-газ жобаларына, оның ішінде Қашаған кен орнында екінші фазаны іске асыру шеңберінде, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері саласындағы бірқатар жобаларға инвестиция салуға дайын, деп хабарлады Арно Брейяк келіссөздер барысында. Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, француз кәсіпкері Тоқаевқа концерннің қызметін жасыл технологиялар жағына трансформациялау жоспары және атауын TotalEnergies деп өзгерту ниеті туралы айтып берді. "Мемлекет басшысы мұнай-газ концернінің өзінің даму стратегиясын өзгерту туралы шешімін құптап, Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге бейілділігін атап өтті", – делінген хабарламада. Кездесуде Арно Брейяк Тоқаевқа Каспий және Оңтүстік Еуропа өңірі бойынша бөлімшенің жаңа вице-президенті Кристин Хейлиді таныстырды.
Қарау саны: 2868 |
|
|