Қазақстанда қоқыс өртейтін зауыттар іске қосылады
23.07.2020
Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қоқыс өртеу зауыттарын іске қосу жоспарланып отырғаны туралы хабарлады. Экология мекемесінің деректері бойынша қазіргі уақытта Қазақстанда 3 мың 200 полигонда 120 млн-нан астам тонна тұрмыстық қалдықтар жиналған. Жыл сайын оларға 5 млн-нан астам тонна жаңа қоқыс әкелінеді–қайта өңдеу кешендері полигондардың толысу қарқынына үлгермей жатыр. Қазіргі уақытта облыс орталықтарының жанында 20-дан астам қоқысқа толған полигон бар. Елімізде қалдықтарды қайта өңдеу үлесі өте төмен – 15%, ал басқа еуропалық елдерде бұл көрсеткіш екі есе жоғары. Жасыл экономика тұжырымдамасына сәйкес Қазақстанда аталған көрсеткіш 2030 жылға қарай 40%-ға жетеді. Алайда бүгінде Қазақстанда қоқыс шығару тарифтерінің төмен болып келетінін және ҚТҚ қайта өңдеу шығындарын ескермейтінін назарға алатын болса, жеке инвесторлардың бұл салаға қаржы бөлуі тиімсіз болып табылады деп мәлімдеді Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында Мырзағалиев. Министрлік басшысы сонымен бірге ҚТҚ өртеу кезінде электр энергиясы шығарылатын қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату тетігі туралы айтты. «Бұл west energy технологиясы жеке инвесторларды қызықтыра алады, өйткені қоқысты өртеу кезінде энергия шығарылады және жалпы электр желісіне беріледі. Келесі жылы біз мұндай зауыттарды салу үшін инвесторлар арасында алғашқы аукциондарды өткізуді жоспарлап отырмыз: кім ең төмен электр энергиясы құнын ұсынады, сол аукцион жеңімпазы болады», – деп қорытындылады ол. Оның айтуынша, мекеме мұндай зауыттарды алты қалада – Ақтөбе, Атырау, Алматы, Нұр-Сұлтан, Тараз және Шымкент – іске қосуды жоспарлап отыр. Мырзағалиевтің хабарлауынша әлеуетті инвесторлармен жұмыс басталды, әкімдіктермен жер учаскелерімен, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелері пысықталып жатыр. Аталған саланың дамуын қолдау үшін шығарылатын энергияны кепілдендірілген негізде сатып алу тетігі пайдаланады, яғни, жаңа өндірістердің алдын ала белгіленген энергия көлемі 15 жыл бойы бекітілген тариф бойынша кепілдендірілген негізде сатып алынатын болады. Министр қазақстандық қоқыс өртеу зауыттары өнеркәсіптік тастанымдар туралы еуропалық директивада көзделген талаптарға сәйкес жұмыс істейтінін айтып кетті. Аталған салада қазақстандық өндірістердің жұмысына мәжіліс мақұлдаған және күзде Қазақстанның Парламент сенатымен қарастырылатын нормативтік-құқықтық акті қолдау көрсетеді. Электр энергиясын шығару үшін қалдықтардың қайта өңдеуге жатпайтын бөлігі ғана өртенетінін атап кеткіміз келеді, осылайша, ҚТҚ кәдеге жарату үлесін қазіргі 15%-дан 30%-ға жеткізу жоспарланып отыр.
Қарау саны: 3131 |
|
|