Медицинаны қаржыландыру: 1,8 трлн
01.03.2021
Қазақстан қалаларында 20 ірі заманауи медициналық емхана салу жоспарлануда. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында мәлімдеді.
"Бастапқы медициналық-санитарлық көмектің қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 2025 жылға дейін 487 - ден астам БМСК нысанының, оның ішінде 137 ауылдық елді мекенде құрылысы және ашылуы көзделген", - деді Алексей Цой. Осы шараны іске асыру нәтижесінде, министрдің айтуынша, тіркелген халықтың 1 860-тан 1 700-ге дейін бір ЖПД дәрігеріне жүктемені төмендету арқылы науқастарға дәрігердің қолжетімділігі қамтамасыз етіледі. Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Қазақстандағы КВИ-ға қарсы вакцинацияның барысы туралы айтып, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі вакцинацияны ескере отырып, Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың болжамын қалыптастырғанын мәлімдеді. "Бүгін бүкіл әлем вакциналау ғана бәрімізге үйреншікті өмірге карантинсіз оралуға мүмкіндік беретінін түсінді. Осыған байланысты барлық өңірлер иммунопрофилактика мәселелері бойынша халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуі қажет", - деп толықтырды Алексей Цой. Айта кетейік, 1 наурыздан бастап Қазақстанда мұғалімдер мен полицейлерге қарсы COVID-19-дан вакцинация басталды. "Мұғалімдер мен педагогтар екпелерді БМСК ұйымдарында білім беру мекемесіне бекітілген орны бойынша алады. Вакцинацияланғандардың тізімі жасалып, емханаға жіберілді", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы. Медициналық көмекті қаржыландырудың негізгі бағыттары және Қордың жаңа бастамалары туралы Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Болат Төкежанов айтып берді. 2021 жылы Қор МӘМС қаражаты есебінен амбулаториялық-емханалық және стационарды алмастыратын көмектің қолжетімділігін арттыруды, ауылдық денсаулық сақтауды қолдауды, қашықтықтан медицинаны, скринингтік бағдарламаларды, мейірбике ісін, патронаж қызметін дамытуды қамтамасыз ету міндетін анықтады. Халыққа медициналық көмек көрсетуге барлығы 1,8 трлн теңге, оның ішінде ТМККК жиынтығындағы қызметтерге – 1,1 трлн теңге, МӘМС – 0,7 трлн теңге қарастырылған. Қаржыландырудың басым бағыттарының бірі ретінде Қордың балаларға медициналық көмек көрсетуі болып табылады. Атап айтқанда, "Аңсаған сәби" бағдарламасы бойынша жоғары технологиялық медициналық көмекті қаржыландыру 7 есеге артады. 2021 жылы 7 мың жұп ата-ана болу мүмкіндігіне ие болады. "Қамқорлық" бағдарламасы бойынша ерекше қажеттіліктері бар балаларды медициналық оңалтуға қолдау көрсетіледі - деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі. Қосымша қаржыландыру неонаталдық скринингтер өткізуге және сәбилердің психофизикалық дамуын бағалауға, сондай-ақ мектеп медицинасын дамытуға бөлінетін болады. Ауылдық медицинаны қаржыландыру көлемін 20% - ға ұлғайту есебінен ауылдық жерлердің тұрғындары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру жоспарлануда. Сонымен қатар, ағымдағы жылы дәрігерлердің жалақысын 30% - ға дейін және орта медициналық қызметкерлердің жалақысын 20% - ға дейін арттыруға 132 млрд теңге жоспарланған.
Қарау саны: 2883 |
|
|