Темекі өнімдеріне акциздер

03.03.2021

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің темекі өнімдеріне акциздер саласында салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады.

Келісімге сәйкес 2024 жылдан бастап ЕАЭО елдері темекіге 1 мың дана үшін 35 евро индикативтік ставканы аз немесе көп жағына 20% - ға ауытқу құқығымен қолдануы тиіс. Бұл ретте темекі өнімдеріне акциздерді кезең-кезеңімен үйлестіру көзделеді.

"Келісім жобасында 2024 жылдан бастап индикативтік мөлшерлеме мен одан ауытқу диапазондарын қолдану; ЕЭК Кеңесіне акциздердің индикативтік мөлшерлемелерін бекіту және негізделген экономикалық орындылығы болған кезде оларды өзгерту жөніндегі өкілеттіктерді беру көзделеді", - деді Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев.

Ведомство басшысының айтуынша, заң жобасы темекі өнімдеріне акциз мөлшерлемесін арттыру есебінен бюджетке қосымша түсімдерді қамтамасыз етеді. Келісім Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағында темекі өнімдерінің акциздерін салу саласында қолданудың бірыңғай тәжірибесін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин темекі өнімдеріне акциз мөлшерлемелерін анықтау кезінде нарықтың өзгеруіне жедел ден қою Қазақстанның мүдделерін сақтауға да, ЕАЭО-ның тиісті келісімі аясында еліміздің міндеттемелерін орындауға да ықпал етеді деп санайды.

Кездесу барысында Нығматулин еуропалық валюта бағамының акциздік мөлшерлемелер мен темекінің бөлшек сауда бағаларына әсеріне назар аударды.

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев түсіндіргендей, бағам күрт өзгерген жағдайда ЕАЭО-ға мүше елдердің әрқайсысы акциздердің индикативтік мөлшерлемесін қайта қарау өтінішімен, Еуразиялық экономикалық комиссияға жүгінуге құқылы. Және шешім толық консенсусқа қол жеткізілген кезде, яғни ЕАЭО-ның барлық мүшелері келісетін кезде қабылданады.

"Бұл өте маңызды сәт. Бұл жерде көп нәрсе Ұлттық экономика министрлігінің қызметкерлеріне, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссиядағы біздің өкілдерімізге, олардың бағамның барлық өзгерістеріне жедел әрекет етуіне байланысты болады. Осы Келісім аясында Қазақстанның мүддесін, сондай - ақ еліміздің міндеттемелерін сақтау мақсатында уақтылы шаралар қабылдау қажет", - деп түйіндеді Нұрлан Нығматулин.


Қарау саны: 2903
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!