Әлеуметтік маңызы бар тауарлар
11.03.2021
Ауыл шаруашылығында 3,1% деңгейінде тұрақты өсім байқалады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев ҚР Үкіметі отырысында мәлімдеді.
"13 өңірде оң қарқын байқалады. Ақмола облысы мал мен құс союды, шикі сиыр сүтін өндіруді ұлғайту есебінен ең жоғары өсім көрсетті. Сонымен қатар, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында тауық жұмыртқасы өндірісінің азаюына байланысты төмендеу байқалады", - деп толықтырды министр. Бұл ретте, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы 2,6% - ға өсті. Бағаның ең жоғары өсуі (3,3%) Батыс Қазақстан облысында және Шымкентте тіркелді, деп атап өтті Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов. "Тағы 8 өңірде бағаның елде тіркелген орташа деңгейден жоғары өсуіне жол берілген, яғни 2,7% - дан 2,9% - ға дейін. Ең бастысы, импортқа тәуелді өнімдерге, жоғары экспорттық сұранысқа ие тауарларға, сондай – ақ маусым аралығында дәстүрлі түрде қымбаттайтын көкөністерге баға өсті", - деді ол Үкімет отырысында. Жұмыртқа өндірісінің 8,4% - ға қысқаруына, жемшөп пен пестицидтердің 25% - ға қымбаттауына, сондай-ақ құс тұмауының таралуына байланысты жұмыртқа қымбаттады, деп хабарлады министр. "Күнбағыс майы мен қант бағасының өсуі әлемдік бағаның өсуіне, көрші елдердегі егіс алқаптарының қысқаруына және экспорттық өнімнің қымбаттауына байланысты болды. Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі өңірлік атқарушы органдармен бірлесіп, импортқа тәуелді тауарлар бойынша ғана емес, сондай-ақ экспорттың жоғары үлесі байқалатын өнімдер бойынша да өндірісті барынша ұлғайтуы қажет", - деп түйіндеді Бақыт Сұлтанов Ведомство басшысының айтуынша, бағаны төмендету үшін сауда шаралары жоспарланған. "Бұл шараларды орындау үшін әкімдіктерге сауда саясаты мен бақылау функцияларын іске асыру бойынша жұмысты күшейту қажет", - деді ол, шекті бағаларды белгілеу, нарық субъектілерімен шарттар жасасу, "айналым схемасын" ұлғайту ұсынылатынын түсіндіріп. Бұдан басқа, экспорттық тауарлар мен шикізатқа квоталар белгілеу, өндірісті ұлғайту және кәсіпорындарды қолдау көзделген. "Әлеуметтік маңызы бар тауарларды өндірушілер үшін электр энергиясына тарифтерді бекіту қарастырылған. Бұдан басқа, импортқа тәуелді тауарларға бағдарлана отырып, тұрақтандыру қорлары қайта қаралатын болады", - деп атап өтті министр. Ол жоспарларға сәйкес, Ауыл шаруашылығы министрлігі Азық-түлік корпорациясымен бірлесіп, көктемгі егіс жұмыстары кезінде форвардтық келісімшарттарды ұлғайту бойынша жұмысты күшейтетінін хабарлады. Заңнамалық деңгейде мемлекеттік сатып алудың конкурстық рәсімдерін оңайлату, шекті бағаларды белгілеу туралы қаулыларды келісу мерзімдерін қысқарту, бағаларды болжау тетігін енгізу жоспарлануда. "Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында тапсырған ұлттық тауар өткізу жүйесі мен әлеуметтік әмиянды іске қосу, бір жағынан, бағаны тұрақтандыруға, екінші жағынан, отандық тауар өндірушілер мен экономика айналымындағы қаржы ресурстары үшін өнімді өткізу нарығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деп түйіндеді Сұлтанов.
Қарау саны: 2774 |
|
|