Экономиканың даму болжамы
15.03.2021
Қазақстан Ұлттық Банкі экономика дамуының жаңартылған сценарийлерін ұсынды.
2020 жылдың қорытындысы бойынша инфляция 7,5% деңгейінде қалыптасты. Инфляцияға негізгі үлесті азық-түлік тауарларына бағаның өсуі қосты. Сонымен қатар, азық - түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер бағасының өсуі жалпы инфляция қарқынына төмен ықпал етті-деп хабарлады Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов қазақстандық басылымға берген сұхбатында. Ұлттық Банктің ақпараты бойынша, пандемия салдарынан 2020 жылы азық-түлікке жедел өсу жалпы әлемдік үрдіске айналды. Үкіметтің шаралары: бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің шекті бағаларын белгілеу, осы тауарлар тобына ҚҚС уақытша төмендету және т. б. ҚР-да инфляцияның одан әрі үдеуінің алдын алуға көмектесті. "2021 жылдың басында өткен жылдың негізгі үрдістері әлі де сақталып отыр. 2021 жылғы ақпанда инфляция 7,4% - ды құрап, 4-6% нысаналы деңгейден жоғары қалып отыр. Азық-түлік тауарлары бағасының өсуі (2021 жылғы ақпанда 11,6% - ға) бұрынғысынша Қазақстанда инфляциялық процестердің қалыптасуына ең көп үлес қосады. Бұл ретте инфляцияның азық - түлік емес және сервистік құрамдауыштары 5,2% - ға және 3,9% - ға дейін баяулады, бұл ел өңірлерінде карантиндік шектеулердің сақталуына байланысты әлі де әлсіз тұтынушылық сұраныспен байланысты" - деп түсіндірді Баймағамбетов. Оның айтуынша, инфляциялық күтулер әлі де артып келеді. 2021 жылғы қаңтар-ақпанда инфляцияның бір жыл алдын жасалған сандық бағасы өзгеріссіз қалды және 6,7% - ды құрады. Сондай-ақ, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының 2021 жылға арналған мұнай өндіру көлемі бойынша болжамдары айтылды. "Жағдай жиі өзгеріп отыратындықтан, қазір жалпы өндіру көлемі қандай болатынын айту қиын. Алайда, біз оның 2020 жылдың деңгейіне жақын болады деп күтеміз. Яғни, ірі жобалардағы Қазмұнайгаздың үлесін ескере отырып, шамамен 21-22 млн тонна", - деді "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Дәурен Қарабаев 15 наурыздағы онлайн-брифинг барысында. Қарабаевтың ақпараты бойынша, өндіру деңгейіндегі өзгерістердің өндіріс бағдарламасына өзгерістер әкелуіне байланысты ҚМГ-ның жекелеген еншілес ұйымдарының бюджеттерін қайта қарау жоққа шығарылмайды.
Қарау саны: 2864 |
|
|