Құрылыс индустриясы

16.03.2021

Құрылыс индустриясын дамытудың 2025 жылға дейінгі жол картасы әзірленді. Бұл туралы 16 наурызда өткен Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов хабарлады.

ҚР ИИДМ Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және Самұрық-Қазына Қорымен бірлесіп, саланы қолдаудың барлық тетіктерін көздейтін Құрылыс индустриясын дамытудың 2025 жылға дейінгі жол картасын әзірледі. Ведомство басшысының мәліметінше, жоба аясында ағымдағы жылы жалпы сомасы 2 трлн теңгеге 110 жоба іске асырылып, 12 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылады.

Оның айтуынша, 2025 жылға дейін елімізде 103 млн.шаршы метр тұрғын үй салынады, бұл бизнес үшін құрылыс материалдарының отандық нарығын дамытуға қосымша мүмкіндік болып табылады.

Қазіргі уақытта отандық өндірушілер ішкі нарықтың қажеттілігін 10 тауар позициясы бойынша толығымен өтейтінін атап кетейік (темір-бетон бұйымдары, бетон, құрғақ қоспалар, лак бояу, керамикалық кірпіш, силикат кірпіш, бетоннан жасалған ұялы блоктар, ішкі есік блоктары, болат есік блоктары, шыны). "Ішкі нарықты отандық құрылыс материалдарымен толық қамту мақсатында біз қазір шетелдік трансұлттық компаниялармен Қазақстан аумағында импорт алмастыратын өндірістер құру мәселесін пысықтап жатырмыз", - деді министр.

Сонымен қатар, Министрліктің ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылы мыналарды қамтамасыз ету жоспарлануда:
  • құрылыс материалдары өндірісіндегі өсім - темір-бетон бұйымдары (+16%), кірпіш (+15%), цемент (+11%), құрылыс ерітінділері (+13%), жылу оқшаулағыш материалдар (+12,5%), гипсокартон (+11%) өндірісін қоса алғанда, 6% деңгейінде.қара металлургияның 5% - ға өсуі, оның ішінде ферроқорытпа (10,4% - ға), болат (17% - ға) және прокат (19% - ға), түсті металлургия (4,5% - ға), оның ішінде мырыш (18,6% - ға), қорғасын (18,8% - ға), мыс концентраты (9% - ға), алюминий (6% - ға) өндірісі);
  • фосфор тыңайтқыштары (+16,6%), аммофос (+15,4%), аммиак селитрасы (+10,7%) және хром қосылыстары (+13,6%) өндірісінің өсуі);
  • машина жасауда автомобиль жасауды (+29%), теміржол вагондарын (+180%), ауыл шаруашылығы техникасын (+58%) және аккумуляторларды (+10%) қоса алғанда, өсім 13% - ға жетті);
  • фармацевтика саласының өндіріс көлемінің өсуі-5% деңгейінде, бұл дәрілік заттар өндірісінің 10,2% - ға ұлғаюы, коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина шығару жөніндегі өндірісті іске қосу және 5 жаңа проекция есебінен қамтамасыз етілетін болады;
  • жеңіл өнеркәсіптегі өсім - 5% - ға-тоқыма өнімінің өндіріс көлемі 6% - ға, оның ішінде мақта-мата иірімжібі (+ 50%), мата (+14%), кілем (+19%), киім (+11%), тері (+30,4%) ұлғайтылады);
Өз кезегінде ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мұнай-газ саласында зауыттар салу жоспарларымен бөлісті.

"Nur Otan" партиясының "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" сайлауалды бағдарламасы аясында Атырау, Орал және Шымкентте мұнайды, газды терең өңдейтін 5 зауытты іске қосу арқылы 2019 жылмен салыстырғанда экспортқа бағдарланған мұнай - газ химиясы өнімдері өндірісінің 9 есе өсуін қамтамасыз ету көзделген", - деді Нұрлан Ноғаев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, бүгінде 3 зауыттың құрылысы жүріп жатыр:

  • қуаттылығы жылына 500 мың тонна полипропилен өндіру бойынша (Атырау облысы);
  • қуаты 57 млн. м3 азот және 34 млн. м3 құрғақ сығылған ауа техникалық газ өндірісі бойынша (Атырау облысы);
  • Шымкент мұнай-химия зауытының шикізат базасында қуаты жылына 81 мың тонна полипропилен және қуаты жылына 57 мың тонна бензинге арналған октан көтеретін қоспалар өндірісі бойынша (Шымкент қ.).
Бұдан басқа, ведомствоның мәліметінше, 2025 жылға қарай 2 әлеуетті жобаны іске асыру жоспарлануда: қуаттылығы жылына 430 мың тонна полиэтелентерефталат өндіретін зауыт; қуаттылығы жылына 130 мың тонна метанол өндіретін зауыт.

 


Қарау саны: 3307
Сақталған: 16.03.2021






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!