Жер реформасы бойынша отырыс

25.03.2021

Нұр-Сұлтанда Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен жер реформасы бойынша бірінші отырыс өтуде.

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану мониторингінің тәртібі туралы айтып берді. Оның айтуынша, жалға алудың алғашқы 5 жылында мониторинг жыл сайын, ал келесі кезеңдерде суармалы егістікте әрбір 3 жыл сайын, тәлімі жерде - әрбір 5 жыл сайын жүзеге асырылады.

Омаров сондай-ақ жергілікті халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін жайылымдарды беру мәселелерін шешу мақсатында "Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғанын, оның шеңберінде халықтың мал жаюын қамтамасыз ету үшін 2 жыл мерзімге ұйымдастырылған шаруашылықтардың жүктелмеген жайылымдарын қайта бөлуге бағытталған жайылымдарды басқару жөніндегі жоспарларды әзірлеу және бекіту көзделгенін атап өтті.

Министр пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін тексеру кезеңдері мен алып қою мерзімдерін 3 жылдан 1 жылға дейін қысқартуды көздейтін жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жетілдіру бойынша әзірленген заң жобасы туралы еске салды.

Бұдан басқа, Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры шеңберінде мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша заң жобасы әзірленіп, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілді. "Бұл Заң жобасының мақсаты жер учаскелерін беру рәсімдерін біріздендіру, ақпараттық жүйеде өтінімдерді қарау мерзімдері мен барысын бақылау, қағазсыз қызмет көрсету, жер комиссиясы институтын алып тастау, жер учаскесін бөлуді мемлекеттік органдармен және монополист ұйымдармен электрондық форматта келісу болып табылады. Конкурс арқылы ауыл шаруашылығы жерлерін беру тәртібін жеке егжей - тегжейлі регламенттеу әзірленді; конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету үшін олардың құрамына Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде 50% - ы қоғамдық кеңестер мен бірлестіктердің өкілдері заңнамалық түрде енгізілді; жер пайдаланушылардың міндеттері мен жауапкершілігін нақтылай және күшейте отырып, ауыл шаруашылығы жерлерін жалдаудың бірыңғай үлгілік шарты заңнамалық түрде белгіленді", - деп атап өтті Омаров.

Ведомство басшысы бүгінгі таңда шекара аймағында ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге және шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некеде тұрған (ерлі-зайыпты) азаматтарға мемлекеттік шекарадан қашықтығын анықтай отырып беруге тыйым салынғанын атап өтті. Бұдан басқа, елді мекендердің маңында жеке малды күтіп-бағу жөніндегі халықтың мұқтаждары мемлекет мұқтажы санатына жатқызылған, бұл оларды мәжбүрлеп алып қоюға заңнамалық негіз береді.

Сапархан Омаров атап өткендей, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануға мемлекеттік бақылауды күшейту мақсатында 2019 жылы Жер кодексіне жерді қашықтықтан зондтау деректерін пайдалану бойынша өзгерістер енгізілді. Енді министр түсіндіргендей, жүйелі бақылаулар, жер үсті түсірілімдері, зерттеулер, пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау үшін түгендеу нәтижелерімен қатар ғарыштық мониторинг нәтижелері пайдаланылатын болады. "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерінен өз еркімен бас тартуға экономикалық мәжбүрлеуді құру мақсатында 2020 жылдың желтоқсанында Салық кодексіне пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлеріне салық ставкасын 10-нан 20 есеге дейін ұлғайтуды көздейтін түзетулер енгізілді", - деп атап өтті Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы.




Қарау саны: 2812
Сақталған: 30.10.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!