Ең төменгі күнкөріс деңгейі
26.03.2021
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ең төменгі күнкөріс деңгейін (бұдан әрі - ЕТКД) арттыру туралы депутаттық сауалға жауап берді.
"Ең төмен күнкөріс деңгейін айқындау тәртібі "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу қағидаларында регламенттелген. Жалпы республика, облыстар, астана, республикалық маңызы бар қалалар, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар бойынша халықтың орташа жан басына шаққандағы және негізгі жыныстық - жас топтары бойынша нақты ЕТКД деңгейін статистика органдары есептейді", - деп атап өтті Премьер-Министр. Ол ЕТКД есептеу азық-түлік себетінің құнын ескере отырып, ең аз қажетті азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын шығыстардың белгіленген үлесіне ұлғайтылып жүзеге асырылатынын еске салды (ең аз тұтыну себетінің құнына 45% мөлшерінде белгіленген): "Ереженің 10-тармағына сәйкес азық-түлік себетінің құнын есептеу кезінде инфляция деңгейі ескерілген ағымдағы айдағы азық-түлік тұтынудың ең төменгі шамасы және орташа бөлшек сауда бағасы ескеріледі". Халықаралық және ұлттық сарапшыларды тарта отырып, елде жүргізіліп жатқан зерттеулердің қорытындылары бойынша Қазақстанда пайдаланылатын ЕТКД шамасын айқындау әдістемесін Халықаралық еңбек ұйымының (бұдан әрі – ХЕҰ) сарапшылары халықаралық талаптарға сәйкес келеді деп танығанын атап өткен жөн. Сонымен қатар, Премьердің айтуынша, азық-түлік себетінің құрамына және оның құрылымына кейбір өзгерістер енгізу ұсынылды. ЕТКД анықтау әдістемесін жетілдіру жөніндегі бұл шаралар екі кезеңде іске асырылады:
Бұдан басқа, халықтың нақты табысының деңгейін одан әрі арттыру мақсатында ең төменгі жалақыны (бұдан әрі - ЕТЖ) ұлғайтудың бірнеше нұсқасы қарастырылуда: "Біріншісі – ЕТЖ инфляция деңгейіне көтеру; екіншісі – ЕТЖ орташа айлық жалақының 30% мөлшерінде белгілеу; үшіншісі – ЕТЖ - ді медиалық жалақыға байланыстыру мүмкіндігі", - деп жазды Асқар Мамин депутаттық сауалға берген жауабында. Үкімет басшысы ағымдағы жылдан бастап Үкімет, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған жаңа Бас келісімді іске асыру басталатынын, оны іске асыру шеңберінде ЕТЖ белгілеу әдістемесі әзірленетінін хабарлады.
Қарау саны: 3005 |
|
|