COVID-ке қарсы тұру

02.04.2021

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустық инфекцияға қарсы іс-қимыл шаралары жөніндегі кеңесте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық Банкке экономиканың зардап шеккен секторларында ШОБ кредиттері бойынша төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігін пысықтауды тапсырды.

Үкіметке:

  • Салық және кеден берешегін мәжбүрлеп өндіріп алуды тоқтата тұру тапсырылды. "Бұл шаралар шынымен жаппай вакцинация басталғанға дейін және көптеген шектеулер алып тасталғанға дейін уақытша қолданылуы керек. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық Банкке экономиканың зардап шеккен секторларында ШОБ несиелері бойынша төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігін қарастыруды тапсырамын. Үкімет пандемиямен байланысты жағдайды жақсы жаққа қарай өзгерте алатынын ескере отырып, бірінші кезекте сәуір айында жаппай вакцинациялау арқылы, мамырдан бастап ШОБ субъектілерінің, оның ішінде қызмет көрсету саласындағы қызметіне шектеулерді біртіндеп алып тастауға кірісуге болады", – деді Мемлекет басшысы.
  • Карантиндік шектеулер жағдайында халықтың ұтқырлығын сақтауға мүмкіндік беретін цифрлық шешімдерді пайдалануды жеделдету. Цифрлық мониторинг бизнесті, әсіресе қызмет көрсету және бөлшек сауда саласында тұрақтылықты қамтамасыз етуге көмектеседі. "ASHYQ жобасын ауқымды ету-бизнестің ғана міндеті емес. Үкімет жүйені кеңейтуді және белсенді енгізуді қамтамасыз етуі керек. Тиісті нормативтік базаны құру да маңызды", - деп түсіндірді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Үкімет пен өңірлердің әкімдеріне оңалту бөлімшелерін жабдықтау бойынша шаралар қабылдау және бас дәрігерлер мен әкім орынбасарларының дербес жауапкершілігін бекіту тапсырылды.
 
"Біз денсаулық сақтау жүйесінің шамадан тыс жүктелуіне тап болуымыз мүмкін" - деп жеткізеді Тоқаевтың сөзін Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы "дәрілік препараттардың да, медициналық бұйымдардың да, жабдықтардың да жеткіліксіздігі байқалып отырғанына" назар аударды. Орташа алғанда, оңалту бөлімшелері талап етілетін стандарттардың 64% - ына ғана жабдықталған".

Президент шектеулерді біртіндеп алып тастау мамыр айында болуы мүмкін екенін атап өтті.




Қарау саны: 2667
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!