Үкімет отырысы

06.04.2021

Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазіргі басты міндетіміз – санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және вакцина алғандардың санын арттыру туралы айтты.
 
Министрлік вакцинациялау бойынша жоспар әзірледі. Биылғы сәуір, мамыр және маусым айлар аралығында өңірлерде ай сайын 2 млн адамға вакцина алу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
 
Үкімет басшысының атап өтуінше, қыркүйек айында 10 миллионға жуық вакцинациялауға жататын адамдарға вакцина салуды аяқтауды жоспарланып отыр. Содан кейін ұжымдық иммунитеттің жинақтаушы әсері күтіледі. 
 
«Денсаулық сақтау жүйесі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қажетті көлемімен толық қамтамасыз етілді. Ауруханаларда дәрі-дәрмектердің айлық қоры бар. Ал СК «Фармация» қоймаларында және дәріханаларда 2 айлық қор жасалынды. Сонымен қатар, барлық өңірлерде 3 айлық дәрі-дәрмектердің, жеке қорғаныс құралдар мен шприцтері бар тұрақтандыру қорлары құрылды. Жалпы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың барлық тапсырмаларын орындау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде», - деді Асқар Мамин.


Қарау саны: 2898
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!