Қазақстанда наурызда тұрғын үй бағасы өсті

08.04.2021

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, бір айда (2021 жылғы наурыз 2021 жылғы ақпанға) абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату бағалары – 2%, жаңа тұрғын үйлерді сату 0,5% өсті. 


Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,6% жоғары болды. 

Жылжымайтын мүлік саласындағы операция көлемі өткен жылмен салыстырғанда ақшалай мәні 37,7%-ға өсіп, 2020 жылдың қаңтар-ақпанында 1,52 трлн теңгені құрап, нақты өсім 41%-дан асты. Бұл осы уақытқа дейінгі ең жоғары көрсеткіш.

Finprom.kz сайтының мәліметіне назар аудардық.
Делдалдық қызметтер 17%-ға қысқарды. Ағымдағы жылдағы тұрғын үй нарығындағы дүрбелең сектордағы бағаның өсу қозғаушысына айналуы мүмкін. 

Сектордағы қызметтердің жартысы жалға беру және өз жылжымайтын мүлігіңді басқару қызметіне тиесілі: 883,2 млрд теңге. Қосалқы жалға беру пен жалға алынған жылжымайтын мүлікті пайдалану қызметіне 313,6 млрд теңге тиесілі.

 Өндірістік емес жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу және жалға беру кезінде көрсетілетін делдалдық қызметтер тек 18,1 млрд теңге болды – өткен жылға қарағанда ақшалай 16,8%-ға төмен. 

Ағымдағы жылдың алғашқы екі айында сату-сатып алу келісімдері зейнетақы қорына үй сатып алу мүмкіндігінің арқасында 2020 жылдың қаңтар-ақпанына қарағанда 44,2%-ға өсті. Бұл 2021 жылы делдалдық қызметтің көлемін өсіруі мүмкін. 

Өндірістік-техникалық мақсаттағы жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу және жалға берудегі делдалдық қызметтер бірден 79,2%-ға қысқарып, 1,3 млрд теңге болған. 

ҚР өңірлерінің ішінде жылжымайтын мүлікке қатысты қызметтердің төрттен үші Қазақстанның екі үлкен мегаполисіне тиесілі – Нұр-Сұлтан (593,5 млрд теңге) және Алматы (536,4 млрд тг). Сектордағы ең төмен көрсеткішті оңтүстік өңірлер көрсетті – Түркістан (5,5 млрд теңге), Қызылорда (6,3 млрд теңге) және Жамбыл (7,4 млрд теңге) облыстары.



Қарау саны: 2765
Сақталған: 30.10.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!