Әсет Ирғалиев:

12.04.2021

Ұлттық экономика министрі Әсет Ирғалиев 2021 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері бойынша қорытындыларды жариялады.

Биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындылары бойынша макроэкономикалық көрсеткіштердің жақсарғаны байқалады.

Тау-кен өндірісін қоспағанда, нақты секторда өсім 7,9% дейін өсті. Тау-кен өндірісін қоспағанда, негізгі капиталға салынған салым 34%-ке өсті. Жылдық инфляция 7% -ға дейін баяулады.

Оның айтуынша, нақты сектордың көптеген салалары тұрақты өсімді көрсетті. Бұл - құрылыс, сумен жабдықтау, өндіріс, электр энергетикасы және ауыл шаруашылығы салалары. Ақпараттық-коммуникациялық салада 9,9% өсім байқалады.

“Жалпы ішкі өнім өсімі қарқыны биылғы қаңтар-ақпандағы минус 2,9% -дан қаңтар-наурызда минус 1,6% -ға дейін жақсарды. Өсу қарқынын жеделдету өңдеу өнеркәсібінде байқалады. Машина жасауда динамикалық өсім 21,8% құрады, оның ішінде автомобиль өнеркәсібінде 20,7% тіркелді”, - деді Ұлттық экономика министрі.

Сондай-ақ құрылыс материалдары өндірісінің көрсеткіштері жақсарды - 30,1%, химия өнімдері - 14,2%, пластмасса бұйымдары - 22,3%, киім-кешек - 25,8%, жиһаз - 19,2%, фармацевтика - 9,1%. Өңдеу өнеркәсібінде қарқын алу үрдісі жалғасуда, өсім 7,5% құрады.



Қарау саны: 2791
Сақталған: 30.10.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!