Әлеуметтік маңызды тауарларға бағалар 5,7%-ға өсті
28.07.2020
Жарты жылдық
қорытындылары бойынша әлеуметтік маңызды тауарларға бағалардың өсуі жылдың
басымен салыстырғанда 5,7%-ды
құрады.
Жылдың басынан әлеуметтік маңызды тауарларға бағалардың ең жоғары өсуі Павлодар (+11,9%) және Нұр-Сұлтан (+11,8%) қалаларында тіркелген. Бағалардың ең төмен өсімі Алматы (+3,1%), Петропавл (+4,7%) және Ақтау (+4,8%) қалаларында байқалады. Ағымдағы жылдың басынан барлық әлеуметтік маңызды тауарлар арасындакартоп (+43,3%), сәбіз (+31,4%), пияз (+20,3%) қарақұмық (+19,0%), қант (+10,7%) және сары май (10,2%) ең көп қымбаттады. Бұл ретте, жылдың басынан қырыққабат (- 23,3%), жұмыртқа (-7,2%), күріш (-7%), тауық еті (-2,9%) және тұз (-1%) арзандады. Сауда және интеграция министрлігінің мәлімдеуінше соңғы үш айда бағалардың тұрақтануы байқалады. Қазіргі уақытта Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат, қияр, қызанақ өнімін жинау жүргізіліп жатқанын атап кеткіміз келеді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараты бойынша елде бағалардың маусымдық төмендеуі күтіледі.
Қарау саны: 2945 |
|
|