Әсет Ерғалиев

12.05.2021

2021 жылғы қаңтар-сәуір қорытындысында жалпы ішкі өнім өсу қарқыны 0,7 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты.
 
«2021 жылғы қаңтар-сәуір қорытындылары бойынша жалпы ішкі өнім өсу қарқыны өткен жылғы наурыз айынан бері алғаш рет 0,7 пайызды құрады. Қазақстан экономикасы өсудің қалпына келу серпініне өтуде. Қызмет көрсету саласының өсуі жақсарды. Ішкі сұраныс жақсаруда. Өңдеу өнеркәсіп салаларында серпінді және тұрақты өсу байқалады. Қызмет көрсету саласы оң өсімді көрсетіп отыр. Сонымен бірге экономиканың өндіруші емес салаларында негізгі капиталға инвестициялардың айтарлықтай өсуде. Жалпы алғанда, экономика өсімінің құрылымда сапалы өзгерістер байқалуда», - деді министр. 
 
Оның атап өтуінше, экономика дамуының басты драйвері өткен жылдан бері нақты сектордың тұрақты өсуі болып саналады. Осы жылдың есепті кезеңінде кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, нақты сектордағы өсу 7,9 пайызды құрады. Құрылыс, ақпарат пен байланыс, өңдеу өнеркәсібі, сумен және электрмен жабдықтау, ауыл шаруашылығы салаларында жоғарғы өсу жалғасуда. Бұл ретте, өңдеу өнеркәсібі соңғы 10 жылдағы ең жоғары өсуді көрсеткен.
 
«Қызмет көрсету саласы қалпына келуде. Сауданың 5,7 пайызға өсуі аясында қызмет көрсету секторы оң өсуді көрсетті. Өңдеу өнеркәсібі салаларында қарқынды және тұрақты өсу байқалуда. Бұл осы саланың бәсекелестікке қабілеттілігін көрсетеді. Атап айтқанда өсім машина жасауда 20,6, оның ішінде автомобиль құрастыруда – 25,4, құрылыс материалдарында – 26,5, химиялық өнімдер өндірісінде – 11,2, пластмасса өнімдері өндірісінде – 18,5, фармацевтикада – 26,2, киім өндірісінде – 23,6 және жиһаз өндірісінде – 19,5 пайыз деңгейінде тіркелді», - деді Әсет Ерғалиев.
 
Оның айтуыша, өндіруші емес салаларда жоғары инвестициялық белсенділік байқалады. Бұл экономиканың тұрақты және сапалы дамуына әртараптандыру арқылы қол жеткізуге мүмкіндік береді.
 
Министрдің дерегінше, кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, негізгі капиталға инвестициялардың өсуі 32,3 пайызды құрады.
 
«Инвестициялардың айтарлықтай өсуін өңдеу өнеркәсібі – 2,1 есе, құрылыс – 72, ауыл шаруашылығы – 66, ақпарат және байланыс – 61, сауда – 28,3, көлік – 27,6 және жылжымайтын мүлікпен операциялар 27,5 пайыз деңгейінде көрсетті», - деді Әсет Ерғалиев.


Қарау саны: 6402
Сақталған: 30.10.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!