Қазақстан Ұлттық Банкі зерттеулерге гранттар бөледі

18.05.2021

Ұлттық Банк Зерттеу бағдарламасында көрсетілген басым бағыттар бойынша зерттеулерге гранттар бөледі, деп хабарлайды Ұлттық Банк қызметі.

Жоба іске асқан жағдайда Қазақстандағы экономикалық зерттеулердің дамуына, экономикалық саясаттың сын-тегеуріндерін түсінуді жақсартуға және макроэкономикалық дискурс деңгейін көтеруге ықпал етеді.

 

Гранттар байқау негізінде беріледі. Грантқа академиялық, ғылыми және зерттеу ұйымдары, деректерді жинауға, сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдар өтініш бере алады. Зерттеу жүргізу үшін өтініш беруші тарап орындаушылар командасын жасақтайды. Байқауға қатысу үшін өтінім беруші ұйымға ұсынылған зерттеу әдістемесінің сипаттамасы, оны өткізу жоспары, күтілетін нәтижелер, зерттеушілердің біліктілігі туралы ақпарат, сондай-ақ негіздемесі мен шығын сметасы көрсетілген өтінім жіберілуі керек.

 

Грант беру туралы шешімді грант ұсыну бойынша комиссия қабылдайды, оның құрамына Ұлттық Банк пен басқа да ұйымдардың өкілдері кіреді. Байқау алды іріктеудің объективтілігін қамтамасыз ету үшін өтінімдер тәуелсіз шолушылардың қорытындылары негізінде қарастырылады.

Зерттеу тақырыптарының тізімі, талаптары, таңдау шарттары, өтінімдер қабылдау мерзімі мен әдісі Ұлттық Банктің www.nationalbank.kz сайтында жарияланады.



Қарау саны: 2799
Сақталған: 29.03.2025





Төрағаның блогы Әлемдегі жаңалықтар Қазақстан экономикасының оқиғалары Институттың жаңалықтары Пікір айдары National Economy: MONITOR Journal of Economy and Finance Пікір-талас клубы Сауалнама
2025
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!