Креативті индустрияларды дамыту жөніндегі кеңес
19.05.2021
Нұр-Сұлтанда Креативті индустрияларды дамыту жөніндегі кеңес құрылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі. Оның құрамына кәсіпкерлер палатасының, АХҚО-ның, «Қазақстанның креативті кәсіпкерлері қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің, Креативті индустрияларды дамыту жөніндегі орталықтың, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің өкілдері кіреді.
Кеңес қаланың креативті кәсіпкерлігін және креативті әлеуетін дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейді, креативті экономиканы дамытудағы кедергілерді анықтайды және оларды шешудің нұсқаларын ұсынады, Нұр-Сұлтан қаласында креативті экономиканы дамыту бойынша мемлекеттік қолдаудың жаңа құралдарын жасау мәселесін пысықтайды.
Елорданың мәдениет басқармасы жанынан Креативті индустрияларды дамыту орталығы құрылды. Ол: - елорданың креативті кластерін өсіруге; - креативті индустрия саласындағы кәсіпкерлікті дамытуға; - жоғары сапалы шығармашылық өнімді қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Нұр-Сұлтан қаласының әрбір тұрғыны өз жобасын қарауға ұсына алады, Орталықтың алқалы органында оның жобасы мақұлданған жағдайда, іске асыруға дейін білікті кеңес пен сүйемелдеу ала алады.
Кері байланыс үшін байланыс деректемелері: Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, 55-69-06.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік экономиканың ең жылдам дамып келе жатқан сегменттерінің бірі болып табылатын креативті индустрия құрудағы дарынды жастардың рөліне назар аударуды тапсырған болатын.
Қарау саны: 2801 |
|
|