Креативті индустрияларды дамыту жөніндегі кеңес

19.05.2021

Нұр-Сұлтанда Креативті индустрияларды дамыту жөніндегі кеңес құрылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі. Оның құрамына кәсіпкерлер палатасының, АХҚО-ның, «Қазақстанның креативті кәсіпкерлері қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің, Креативті индустрияларды дамыту жөніндегі орталықтың, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің өкілдері кіреді.

 

Кеңес қаланың креативті кәсіпкерлігін және креативті әлеуетін дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейді, креативті экономиканы дамытудағы кедергілерді анықтайды және оларды шешудің нұсқаларын ұсынады, Нұр-Сұлтан қаласында креативті экономиканы дамыту бойынша мемлекеттік қолдаудың жаңа құралдарын жасау мәселесін пысықтайды.

 

Елорданың мәдениет басқармасы жанынан Креативті индустрияларды дамыту орталығы құрылды.

Ол:

- елорданың креативті кластерін өсіруге;

- креативті индустрия саласындағы кәсіпкерлікті дамытуға;

- жоғары сапалы шығармашылық өнімді қалыптастыруға жәрдемдеседі.

 

Нұр-Сұлтан қаласының әрбір тұрғыны өз жобасын қарауға ұсына алады, Орталықтың алқалы органында оның жобасы мақұлданған жағдайда, іске асыруға дейін білікті кеңес пен сүйемелдеу ала алады.

 

Кері байланыс үшін байланыс деректемелері:

Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, 55-69-06.

 

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік экономиканың ең жылдам дамып келе жатқан сегменттерінің бірі болып табылатын креативті индустрия құрудағы дарынды жастардың рөліне назар аударуды тапсырған болатын.



Қарау саны: 2767
Сақталған: 19.05.2021






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!