Үкімет отырысы:

18.05.2021

Үкімет отырысында Қазақстан Премьер-Министрі Денсаулық сақтау министрлігіне вакцинация кезеңдері арасындағы аралықты нақты анықтауды тапсырды.

 

 «Бүгінгі таңда бірінші құрамдауышпен 1,9 млн адам егілді, екінші құрамдауышпен 800 мыңға жуық адам егілді. Қоймаларда және медициналық мекемелерде вакциналардың мөлшері жеткілікті. Бұл қорлар үнемі толықтырылып отырады. Вакцинация кесте бойынша жүргізілуде», - деп атап өтті Асқар Мамин.

 

Жергілікті жерлердегі әкімдерге Қазақстан өңірлерінде вакцинациямен қамтуды ұлғайту бойынша жұмысты жалғастыру тапсырылды.

 

«Сонымен қатар, ниет білдірушілер вакцинаны таңдауға және тиісті ақпарат алуға құқылы болуы керек. Әсіресе, Денсаулық сақтау министрлігі вакцинациялар арасындағы аралықты нақты анықтап, халықтың сұраулары мен тілектеріне жауап беруі керек», — деп тапсырды Министрлер Кабинетінің басшысы.

 

«Сондай-ақ, шектеу шараларының сақталуын бақылау бойынша мониторингтік топтардың жұмысын жалғастыру қажет. «Ашық» қосымшасын пайдалану оң тәжірибе көрсетіп отыр. Осының арқасында қызмет көрсету саласындағы бизнестің мүмкіндіктері жақсарды, мекемелерге келушілердің қауіпсіздігі артты. Қосымшаны пайдалану аясын одан әрі кеңейту қажет», — деп толықтырды Премьер-Министр.


Үкімет басшысы жылыту маусымына сапалы дайындықты жүзеге асыруды тапсырды.

 

«1 маусымға дейін ТКШ, тұрғын үй және әлеуметтік сала нысандарын дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітуді тапсырамын. 1 қыркүйекке дейін білім беру нысандарының толық дайындығын, ал 15 қазанға дейін солтүстік және шығыс өңірлердегі ауа — райын ескере отырып, барлық инженерлік инфрақұрылымның, ТКШ, тұрғын үй және денсаулық сақтау саласы нысандарының толық дайындығын қамтамасыз ету қажет», - деді Асқар Мамин.

 

Премьер-Министр Энергетика министрлігі мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне нысандардың алдағы жылу беру кезеңіне дайындық барысына мониторинг жүргізуді тапсырды.





Қарау саны: 2626
Сақталған: 19.05.2021






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!