Инвестициялық штаб отырысы

18.05.2021

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Инвестициялық штаб отырысында 2021 жылғы қаңтар-сәуірдегі инвестицияларды тарту бойынша атқарылған жұмыстың қорытынды көрсеткіштері қаралды.

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев осы жылдың 4 айында тау-кен өндірісі өнеркәсібін есепке қоспағанда, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 32,3% деңгейінде өсім көрсеткенін айтты.

Министр ҚР экономикасының қалпына келу траекториясына шығуы аясында осы жылдың 4 айының нәтижелері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар өсімінің жоғары қарқыны өңдеу өнеркәсібінде (112,8%), ауыл шаруашылығында (66,1%) және құрылыста (72,4%) байқалғанын атап өтті.

Ұлттық экономиканы қалпына келтірудің маңызды факторларының бірі қызмет көрсету секторындағы көрсеткіштер болды. Биылғы қаңтар-сәуір айларының нәтижелері бойынша соңғы 12 айда алғаш рет көрсетілетін қызметтер секторындағы өсу қарқыны оң динамика көрсетті.

Көрсетілген динамика аясында негізгі капиталға салынған инвестициялар ағынының жоғары қарқыны сауда (28,3%), көлік және қоймалау (27,6%), қаржы және сақтандыру қызметі (28,6%), жылжымайтын мүлік операциялары (27,5%), білім беру (10,3%), өнер, ойын-сауық және демалыс (30,9%), сондай-ақ ақпарат және байланыс (61,2%) секілді салаларда байқалды.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар бойынша оң өсім қарқынына 15 өңірде және республикалық маңызы бар қалаларда қол жеткізілді. Көш бастап тұрған өңірлер — Алматы қаласы (+47,9%) және Нұр-Сұлтан қаласы (+31,7%), Түркістан (+42,6%), Жамбыл (+30,4%), Қарағанды (+22,9%), Солтүстік Қазақстан (+16,7%) Қостанай (+11,6%) және Қызылорда (+6,1%) облыстары. Батыс Қазақстан (-40,2%) және Атырау (-37,8%) облыстарында артта қалушылық байқалады.

Әлемдегі капитал нарығының қалпына келу серпінін және ұлттық экономиканың инвестициялық тартымдылығының өсуін ескере отырып, биыл тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағынының 11% деңгейінде — $19 млрд дейін өсуін қамтамасыз ету жоспарлануда.

Отырыста «Самұрық-Қазына» АҚ инвестициялық жобаларының пулы қаралды. «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев 31.12.2020 жылғы жағдай бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ инвестициялық портфелі серіктестердің үлестерін ескере отырып, құны 73 трлн теңге болатын 203 жобадан тұратынын атап өтті.

Қазіргі таңда мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында Атырау қаласында полипропилен өндіру жөніндегі интеграцияланған газ-химия кешенінің, «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының, «ҰИМТ» АЭА инфрақұрылымы объектілерінің құрылысы, Екібастұз ГРЭС-1-нің 1-блогын қалпына келтіру, «Богатырь» разрезінде көмір өндіру, тасымалдау, орташалау және тиеу технологиясын жаңғырту, Шелек дәлізінде ЖЭС салу тәрізді ірі инвестициялық жобалар іске асырылуда.

Отырыста жергілікті атқарушы органдар үшін 2021-2025 жылдарға арналған тікелей шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі нысаналы индикаторлар бекітілді.



Қарау саны: 2925
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!