Қазақстанда шетелдік жер қойнауын пайдаланушылармен келісімдерде

24.05.2021

Қазақстанда Кәсіпкерлік қызметті ынталандыру бойынша шетелдік жер қойнауын пайдаланушылармен келісімдерде жергілікті қамту үлесі қайта қаралады, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Роман Скляр «Ақ жол» демократиялық партиясының депутаттық сауалына берген жауабында.

 

Келісімдер жасасу Қазақстан ДСҰ-ға кіргеннен кейін өтпелі кезеңнің аяқталуына байланысты сатып алынатын тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту үлесін сақтауға және ұлғайтуға бағытталған.

 

Премьер-Министр Орынбасарының айтуынша, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс 61, 62 және 63-баптарымен толықтырылды, онда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне, Энергетика министрлігіне және Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жер қойнауын пайдаланушылармен кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімдер жасасу жөніндегі функциялар бекітілген».

 

Келісімдер жасасу кезінде кәсіпкерлердің салалық одақтары тартылатын болады. Келісімдерді орындау мониторингі ИИДМ, ЭМ және ҰКП-ға бекітілген.

ҰКП жанында аккредиттелген салалық қауымдастықтар сатып алынатын тауарлардың жалпы көлемінен әрбір тауар позициясы бойынша сатып алу жоспарлары негізінде жергілікті қамту үлесін айқындап, келісімге енгізуді ұсына алады.

 

«Келісім ерікті сипатқа ие болғандықтан, әрбір тауар позициясы бойынша жергілікті қамтудың ұсынылған пайыздары жер қойнауын пайдаланушымен келіссөздер процестері арқылы қаралатын болады», — деп атап өтті Роман Скляр.

 

ДСҰ-ға кіру кезінде Қазақстан Республикасы қабылдаған міндеттемелерге сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда тауарларды сатып алу кезінде жергілікті қамту туралы талапты белгілеуге жол берілмейтіні атап көрсетіледі (Қазақстан ДСҰ-ға кіру кезінде жұмыс тобы баяндамасының 889-тармағына сәйкес).


Жергілікті өндірушілерден сатып алынатын тауарлар көлемінің төмендеуіне жол бермеу, сондай — ақ ДСҰ-ға кіру кезінде қабылданған міндеттемелердің бұзылуына жол бермеу мақсатында ИИДМ ерікті келісімдерде жергілікті қамту бойынша міндеттемелерді белгілеуді жоспарлап отыр, - деп түйіндеді Премьер-Министрдің Орынбасары.

 

 



Қарау саны: 2769
Сақталған: 30.10.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!