35,6 мың жұмыс орны

26.05.2021

Жұмыспен қамтудың жол картасын іскек асыру аясында 2021 жылы елімізде 35,6 мың жұмыс орны ашылады, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов Үкімет отырысында.

 

ЖҚЖК төрт бағыт бойынша іске асырылады:

 

·      халықтың өмір сүру сапасын арттыру;

·      ШОБ үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру;

·      агроөнеркәсіптік кешенді дамыту;

·      өңірлерде бизнесті дамыту.

 

Министрдің айтуынша, бірінші бағыт бойынша 19 мың жұмыс орнын құрумен 136 жоба іске асырылуда, оның 7,5 мыңы — тұрақты.

 

Биыл Жұмыспен қамтудың жол картасын жүзеге асыруға 300 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде Ұлттық Банктің облигациялық қарызы есебінен-200 млрд.

 

«Қаржыландыру лимиттері жұмыс күшінің үлесіне сәйкес айқындалып, өңірлер бойынша бөлінді. Қаражаттың негізгі бөлігі 42,5% (127,5 млрд теңге) халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, 33,3% (100 млрд теңге) агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға, 24,2% (72,5 млрд теңге) өңірлерде бизнесті дамытуға және «Атамекен» ҰКП мен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен микроқаржы ұйымдары арқылы микрокредит беруге бағытталған», – деп түсіндірді Серік Шапкенов.

 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «ШОБ үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру» екінші бағыты шеңберінде 6% - ға дейінгі мөлшерлемемен жеңілдікті микрокредиттер берілетін болады. Өңірлерде микрокредит беру құралын іске асырудың тиімділігін қамтамасыз ету үшін «Атамекен» ҰКП және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен 15 микроқаржы ұйымы құрылды.

 

«22,5 млрд теңге сомасына 5,4 мың жобадан тұратын пул құрылды, ол ет өнімдерін өндіру және қайта өңдеу, сүт, тамақ өнеркәсібі, қызмет көрсету және басқа да салалардағы жобаларды қамтиды. Шағын несие алушылар 10,6 мың қосымша жұмыс орнын ашады», — деп атап өтті министр.

 

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағыты бойынша ауыл шаруашылығы министрлігімен және «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, соңғы қарыз алушы үшін 6% - ға дейінгі мөлшерлемемен 100 млрд теңге сомаға 42 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда (мөлшерлемені субсидиялауды ескере отырып). Нәтижесінде 2,2 мың уақытша және 3,8 мың тұрақты жұмыс орны ашылады.

 

Бизнесті дамыту шеңберінде өңірлерде жеңілдікпен кредит беру және бизнес субъектілеріне қарыздар беру, жарғылық капиталға инвестициялау, қаржылық емес қолдау көрсету есебінен тағы 6 мыңға жуық жұмыс орны ашылады.

 

«Ағымдағы жылы Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру 35,6 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, оның 55% — дан астамы тұрақты (20,3 мың). Отбасы мүшелерін ескере отырып, шамамен 80 мың адам тұрақты табыспен қамтамасыз етіледі. Сондай – ақ, ЖҚЖК әлеуметтік активтерді құру жолымен әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға; жаңа өндірістерді құру есебінен нарықты отандық өндіріс өнімдерімен молықтыруға; елдің ЖІӨ құрылымында шағын және орта бизнестің үлесін арттыруға ықпал ететін болады», — деп түйіндеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

 



Қарау саны: 2792
Сақталған: 26.05.2021






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!