ҚҚҚ: елдегі монетарлық жағдайларды төмендету үшін

27.05.2021

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының Талдамалық орталығы 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан қаржы нарығындағы пайыздық мөлшерлемелерге шолуды жариялады.

 

"Қазақстандағы жоғары инфляция ақша ресурстарының нарықтық құнының төмендеуіне кедергі келтіреді", — деп атап өтті сарапшылар.

 

Келесі 12 айда ҚР Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясаты қатаңдатылады деп күтілуде. Елдегі монетарлық жағдайларды одан әрі төмендету үшін инфляцияны нысаналы дәліздерге қайтару және оны 2025 жылға қарай тұрақты төмен деңгейде 3-4% ұстап тұру қажет. Елдегі инфляциялық процестер нысаналы дәлізден тыс тұрғанда, қысқа мерзімді перспективада нарықтық мөлшерлемелер төмендемейді.

 

Шолуда мынадай негізгі үрдістер атап өтіледі:

 

  • Экономикадағы нақты пайыздық мөлшерлеме (инфляцияны шегергендегі базалық мөлшерлеме) 2020 жылдың шілдесінен бастап экономиканың қалпына келтіру өсімін ынталандыра отырып, салыстырмалы түрде төмен деңгейде (1,5‒2% шегінде) тұр.

  • Ақша нарығының қысқа мерзімді мөлшерлемелері (TONIA-мемлекеттік бағалы қағаздар кепілімен теңгелік өтімділікті тарту) валюта нарығындағы құбылмалылық кезеңдерін, тоқсандық салықтарды төлеуді кезең-кезеңімен өтей отырып, базалық мөлшерлеменің пайыздық дәлізінің шекарасы ішінде ұсталады.

  • Кредиттеу нарығының жекелеген сегменттерінде ресурстардың әділ құнының бұрмалануы байқалады. Мысалы, ипотекалық қарыздар бойынша нақты мөлшерлемелер нөлге жақын деңгейде ("7-20-25" мемлекеттік бағдарламасы), пандемия кезеңінде зардап шеккен бизнеске қарыздар бойынша (6%) және автокредиттер бойынша (4%) — теріс аумақта (-1-ден -3,5% - ға дейін), бұл инфляциясы төмен дамыған елдерге сәйкес келеді.

  • Корпоративтік облигациялардың табыстылығы шағын және ірі компаниялар арасында екі есе ерекшеленеді.

  • ҚР Қаржы министрлігі облигацияларының соңғы орналастырулары бойынша табыстылық шағын өсімді көрсетіп отыр.

 

Талдамашылардың айтуынша, Қазақстандағы жоғары нарықтық мөлшерлемелер мәселесін мемлекет экономиканы қолдаудың мамандандырылған бағдарламалары аясында бөлетін салыстырмалы түрде көлемді, арзан кредиттік ресурстар реттейді.

 

"Мемлекеттік бағдарламалардың сұранысқа ие болуына және олардың дағдарыс салдарын еңсерудегі оң әсеріне қарамастан, экономиканың қалпына келуіне қарай қаржыландыру және сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау көлемін біртіндеп қысқарту қажет. Кредиторлардың қарыз алушылармен өзара қарым — қатынасы нарықтық қағидаттарға негізделуі тиіс, ал мемлекеттік қолдау қаржылық емес қолдау шараларына ауысуы тиіс", — деп қорытындылады ҚҚҚ сарапшылары.

 

 

 

 



Қарау саны: 2976
Сақталған: 21.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!