128 млрд теңге

31.05.2021

Биылғы жылы Қазақстандағы көктемгі дала жұмыстарына 128 миллиард теңге бөлінді, деп хабарлады Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров ОКҚ брифингінде.

  

"Қазіргі уақытта көктемгі дала жұмыстары республиканың барлық өңірлерінде жүргізілуде. Егіс науқанын өткізу қарқыны өткен жылдан асып түскенін атап кеткен жөн. Бүгінгі таңда 16,7 млн га немесе жалпы егіс алқабының 88,5% егілді, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 1,5 млн га артық. Оның ішінде дәнді және дәнді – бұршақты дақылдар — 13,1 млн га (87,2%), майлы дақылдар — 2,7 млн га (93,6%), басқа дақылдар-1 млн га (92%) егілді", — деді Сапаров.

 

Ағымдағы жылы 22,8 млн га ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі. Көктемгі дала жұмыстарына биыл барлығы 128 млрд теңге бөлінді.

 

Жыл басынан бері қазақстандықтар 140 миллиард теңгеге отандық өндірістің 9 мыңға жуық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды.

 

"Отандық ауыл шаруашылығы техникасының импорттық аналогтармен салыстырғанда төмен бағасын ескере отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тарапынан дүрлікпе сұраныс байқалады. Біз бұл мәселені де шешеміз. Зауыттар тіпті жинауды үлгермей жатыр,-деп атап өтті вице-министр.

 

Облыс әкімдіктерінің мәліметінше, көктемгі дала жұмыстарын биыл 3 маусымға дейін аяқтау жоспарланып отыр.



Сондай-ақ мынаны оқыңыз: 2021 жылы көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы туралы.



Қарау саны: 2773
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!