Қазақстанда инвестицияларды

01.06.2021

Қазақстанда инвесторлармен өзара іс-қимылдың және инвестицияларды басқарудың жаңа алгоритмі енгізілді, деп хабарлады ҚР СІМ Инвестициялар комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ардақ Зебешев ОКҚ брифингінде.


Жаңа енгізілімдерге сәйкес, ҚР Премьер-Министрінің төрағалық етуімен инвестициялық штаб жұмыс істейді, ол шетелдік инвесторлармен өзара іс-қимыл және инвестициялық жобаларды іс жүзінде іске асыру мәселелерін тұрақты түрде қарайды.

 

"Операциялық тәсіл қысқа мерзімді перспективада нақты инвестициялық мәмілелерді жүзеге асыруды және сүйемелдеуді көздейді", — деп атап өтті Зебешев.

 

"KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ және "АХҚО" АҚ базасында инвесторлармен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру үшін Task Force арнайы келіссөздер командасы құрылды. Бұл бөлімше маңызды стратегиялық жобаларды пысықтау кезінде Үкіметтің атынан шетелдік компаниялармен бірыңғай келіссөз жүргізуші болады.


"Жүйелі шаралар шеңберінде жаһандық инвесторлар мен халықаралық қаржы ұйымдарын жандандыру жүріп жатыр, Президенттің төрағалығымен Шетелдік инвесторлар кеңесінің алаңдары жұмыс істейді, инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі алаң және Премьер-Министрдің төрағалығымен ҚР-ЕО диалог платформасы жұмыс істейді", — деп атап өтті Ардақ Зебешев.

 

Шетелдік инвесторлар кеңесінің құрамына бұрын ұсынылмаған салалардың жаңа мүшелері кіреді. Проблемалық мәселелерді талқылау үшін Кеңеске мүше компаниялармен ай сайынғы тақырыптық кездесулер өткізу жоспарлануда.

 

Хабарламада айтылғандай, жаңа үш деңгейлі жүйе енгізіліп, инвестиция тартудың 5 жылдық мақсатты көрсеткіштері белгіленді. Инвесторларға ыңғайлы болу үшін инвестициялық келісімшарттар жасау бойынша мемлекеттік қызметтер автоматтандырылды.


"Операциялық және жүйелі шаралар комбинациясы тікелей шетелдік инвестициялар ағынын арттыруға, инвестициялық ахуалды жақсартуға және инвестицияларды тартудағы өңірлердің рөлін күшейтуге бағытталған, — деп қорытындылады ҚР СІМ Инвестициялар комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ардақ Зебешев.



Қарау саны: 2702
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!