Премьер-Министр

03.06.2021

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Exxon Mobil аға вице-президенті Нил Чапманмен кездесті.


Кездесуде көмірсутегі шикізатын барлау, өндіру және тасымалдау салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды — "Теңізшевройл" (ТШО) болашақ кеңейту жобасы мен сағалық қысымды басқару жобасын іске асыру, Солтүстік Каспий жобасын дамыту және "Каспий Құбыр Консорциумы" мұнай құбырын жаңғырту мәселелері талқыланды. 

Ағымдағы жылы 15,15 млн тонна мұнай өндіру жоспарланған Қашаған кен орнын одан әрі игеру перспективаларына ерекше назар аударылды.

 

Мұнай — газ химиясы саласындағы-полиэтилен және жоғары қайта өңделген басқа да өнімдер (бастапқы минералдық шикізатты қайта өңдеудің бірнеше сатылары негізінде алынған өнімдер) өндіру жөніндегі бірлескен жобаларды дамыту перспективалары талқыланды.

 

Үкімет басшысы Қазақстанда мұнай-газ химия өндірістері жобаларын іске асыру кезінде "Exxon Mobil" тәжірибесін зерделеу үшін жұмыс тобын құруды тапсырды. 

Премьер-Министр "Exxon Mobil" бірегей жабдығының өндірісін ҚР аумағында оқшауландырудың, компанияның сатып алуларындағы қазақстандық қамту үлесін арттырудың, заманауи экологиялық таза технологияларды қолданудың, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі саласында жоғары стандарттарды сақтаудың, сондай-ақ Қазақстанда әлеуметтік жобаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.


 

"Exxon Mobil" - ҚР ірі инвесторларының бірі. 1993 жылдан бастап компания Қазақстан экономикасына 26 млрд доллардан астам инвестиция салды.  

 

Кездесуге Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев және "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев қатысты.

 


 

Сондай-ақ мынаны оқыңыз: Қазақстанда шетелдік жер қойнауын пайдаланушылармен келісімдерде жергілікті қамту үлесі қайта қаралады

 




Қарау саны: 2803
Сақталған: 27.03.2025





Төрағаның блогы Әлемдегі жаңалықтар Қазақстан экономикасының оқиғалары Институттың жаңалықтары Пікір айдары National Economy: MONITOR Journal of Economy and Finance Пікір-талас клубы Сауалнама
2025
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!