Ұлттық экономика министрлігінде
04.06.2021
2021 жылғы 2 маусымда ҚР Ұлттық экономика министрлігі Қоғамдық кеңесінің отырысында Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі аумақтық-кеңістіктік даму жоспарының жобасы таныстырылды және 2020 жылға арналған Стратегиялық жоспар мен бюджеттік бағдарламаларды іске асырудың қорытындылары шығарылды, деп хабарлады министрліктің сайты. Қазақстанның 2025 жылға дейінгі аумақтық-кеңістіктік даму жоспары алты негізгі үрдіске негізделген:
"Елдің аумақтық даму жоспарында 4 тәсіл қарастырылған. Бұл өңірлердің бәсекелестік артықшылықтары базасында өсу нүктелерін дамыту, басқарылатын урбандалу, "адамдар инфрақұрылымда" қағидаты бойынша ауылдық аумақтарды дамыту, халықтың ұтқырлығының аумақтық байланысын қамтамасыз ету", — деді Ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыров.
Оның айтуынша, елдің аумақтық-кеңістіктік дамуы елдің аумақтық тұтастығы, өңірлердің дербестігі, экономикалық ресурстардың шоғырлануы, елдің ішкі және сыртқы байланыстылығы қағидаттарын сақтауға, өмір сүру сапасының базалық стандарттарын қамтамасыз етуге, өңірлерге сараланған тәсілді қолдануға негізделетін болады.
2020 жылға арналған Стратегиялық жоспар мен бюджеттік бағдарламаларды іске асыру қорытындылары, 2022-2024 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру туралы ҚР ҰЭМ Экономика және қаржы департаментінің директоры Данабек Керімрай айтып берді.
2020 жылы Министрліктің бюджеті толық көлемде игеріліп, жергілікті атқарушы органдарды қолдауға, Өңірлерді дамыту, "Бизнестің жол картасы 2025" бизнесті қолдау және дамыту бағдарламаларын және "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыруға, халықаралық ұйымдармен және басқалармен жобаларға бағытталған.
2022-2024 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде үш стратегиялық бағытты іске асыруға қаражат бөлу басым:
Отырыс "Қазақстан экономистері қауымдастығы" қоғамдық қорының Қамқоршылық кеңесінің басшысы Ораз Жандосовтың төрағалығымен өтті. Талқылауға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сергей Симонов, блокчейн және критотехнологияларды дамыту ұлттық қауымдастығының президенті Алан Дорджиев, "LRT құрылысы дирекциясы" ЖШС Бас директоры Адельша Ермұханов, азаматтық қоғам өкілдері Әнуар Боранбаев, Арман Дунаев, Азамат Нұрмұхамбетов, Дәрмен Сәдуақасов және Нұрлан Шоқбарбаев қатысты.
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Қоғамдық кеңесі "Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен құрылатын консультативтік-кеңесші, байқаушы орган болып табылады. Кеңес мемлекет халқы алдында есеп беруді қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру үшін ведомствоның азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ мынаны оқыңыз: Қазақстанның жаңа экономикалық бағытының негізгі параметрлері
Қарау саны: 2690 |
|
|