Қазақстанда 2021 жылы 41 мың жұмыс орны ашылады

07.06.2021

2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында осы жылдан бастап барлық бағыттар бойынша 40,9 мың жұмыс орны құрылады, оның 28,3 мыңнан астамы – тұрақты жұмыс орындары, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

 

ЖҚЖК жобалары төрт негізгі бағытқа бөлінген:

 

  • халықтың өмір сүру сапасын арттыру;
  • шағын және орта бизнес (ШОБ) өкілдері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру;
  • агроөнеркәсіптік кешенді (АӨК) дамыту;
  • өңірлерде бизнесті дамыту.

 

Бірінші бағыт бойынша жобалар саны 136-дан 199-ға дейін артады. Оның ішінде 49 мектеп (барлығы 61 нысан), 9 жатақхана, 11 денсаулық сақтау нысаны, 70 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жоба және 60 басқа да нысандар (әлеуметтік қамсыздандыру, қызмет көрсету объектілері). Жобаларды іске асыру кезінде 18,3 мың жұмыс орнын құру жоспарлануда.

 

Екінші бағыт аясында 6% - ға дейінгі мөлшерлемемен жеңілдетілген микрокредиттер беру қарастырылған. 22,5 млрд теңге сомасына 5,4 мың жобадан тұратын пул құрылды, оның ішінде ет өнімдерін өндіру және қайта өңдеу, сүт, тамақ өнеркәсібі, қызмет көрсету саласы және басқа да жобалар. Қосымша 10,6 мың жұмыс орны ашылады.

 

Үшінші бағыт бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігімен және "Бәйтерек" холдингімен бірлесіп, соңғы қарыз алушы үшін 6% - ға дейінгі мөлшерлемемен 100 млрд теңге сомасына 42 инвестициялық жоба іске асырылатын болады. 2,2 мың уақытша және 3,8 тұрақты жұмыс орны құрылады.

 

Төртінші бағыт шеңберінде шамамен 6 мың жұмыс орны бизнес субъектілеріне жеңілдікпен кредит беру және қарыздар беру, сондай-ақ жарғылық капиталға инвестициялау, қаржылық емес қолдау көрсету есебінен құрылады.


Қазіргі таңда ЖҚЖК аясында 67 жобаны жүзеге асыру басталды, онда үш мың адам жұмысқа орналастырылды.

 

Ведомствоның сайтында хабарланғандай, жұмыс іздеп жүрген қазақстандықтар тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтарына (ХЖҚО) жүгіну жолымен ЖҚЖК шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатыса алады. 

 

Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыспен қамту органдарында жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар, сондай-ақ жұмыстан босатылатын адамдар, жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген адамдар, уақытша тіркелген адамдарды қоса алғанда, студенттер ретінде тіркелгендер қатарынан қажетті біліктілігі бар мамандарды іріктеуді жүзеге асырады және инфрақұрылымдық жобаны іске асыратын жұмыс беруші-мердігерге жібереді.


ХЖҚО арқылы инфрақұрылымдық жобаларға жұмысқа орналасу кезінде жұмыссыз жастарға, NEET санатындағы жастарға, сондай-ақ денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарда студенттерге басымдық беріледі.


ХЖҚО қажет болған жағдайда инфрақұрылымдық жобаға жұмысқа орналасу кепілдігімен тиісті жұмыстарды орындау үшін жұмыс беруші-мердігердің/қосалқы мердігердің өтінімдері бойынша кадрларды қайта даярлауды қамтамасыз етеді.

 


 

Бұған дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов

ЖҚЖК аясында елімізде 35,6 мың жаңа жұмыс орны ашылатынын хабарлады. Жобалар санының артуы есебінен жұмыс орындарының саны артты.

Биыл Жұмыспен қамтудың жол картасын жүзеге асыруға 300 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде Ұлттық Банктің облигациялық қарызы есебінен-200 млрд.

 

Сондай-ақ мынаны оқыңыз: 2021 жылы Қазақстан Республикасында 35,6 мың жаңа жұмыс орны ашылады



Қарау саны: 2655
Сақталған: 30.10.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!