Мемлекет басшысы

09.06.2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорда сайты.

 

Заң жобасы сатып алуды жүзеге асырудың электрондық тетігін енгізуді көздеді. Сонымен қатар:

  • қалыптасқан орташа бағалар туралы мәліметтермен тауарларға шарттар мен деректер базасын жасасудың электрондық форматын енгізу;

  • конкурстан тыс сатып алуларға қойылатын талаптарды арттыру;

  • қоғамдық бақылау институтын енгізу; 

  • кейіннен электрондық камералдық бақылау жасау мүмкіндігімен квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын толық автоматтандыруды қамтамасыз ету;

  • әлеуетті өнім берушіге шарт жасасуға жол берілмейтін сатып алу қорытындыларына шағымдану мүмкіндігі үшін мерзім беру көзделген.

Заң жобасы бес тараудан және 18 баптан тұрды. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуды жүзеге асыру тәсілдерінің, шектеулердің, сатып алуды өткізуін бақылау мен оған шағым жасаудың негізгі қағидаттары бекітілді.

 

"Біздің елімізде квазимемлекеттік сектор субъектілері әртүрлі бағыттағы, көп салалы сипатқа ие. Сатып алу рәсімдерін шамадан тыс нақтылау компаниялардың операциялық қызметіне теріс әсер етуі, сондай-ақ олардың инвестициялық тартымдылық деңгейінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан аталған заң жобасы квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуына қатысты базалық қағидаттар мен тәсілдерді қамтиды", — деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин ағымдағы жылдың наурыз айында заң жобасын талқылау жөніндегі отырыста.

 

Сатып алуды өткізу процесін айқындайтын нормалар қағидалар деңгейінде бекітілетін болады. Заң 250-ден астам ұлттық компания мен олардың еншілес ұйымдарының сатып алуларын реттейді.

 

"Әзірленген заң жобасында "Самұрық-Қазына" қорының және өзге де ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың сатып алуларын реттеу ұсынылады. Шамамен 3,4 трлн теңге сомасына еншілес ұйымдарын ескере отырып, 250-ден астам ұлттық компания қамтылатын болады. Бұл ретте орталық және жергілікті атқарушы органдар жанындағы мемлекеттік кәсіпорындардың, АҚ – ның, ЖШС-нің сатып алуын реттеуді "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заң шеңберінде сақтау ұсынылады", — деп баяндады заң жобасы туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

 

 

Заң жобасына сәйкес "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алулары туралы" Заң 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

 

2020 жылғы 1 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке квазимемлекеттік сектордың барлық сатып алуларына бағытталатын бірыңғай заң әзірлеуді тапсырды.

 

 

Сондай-ақ мынаны оқыңыз: Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Екінші Жолдауы

 


 

 

 


 



Қарау саны: 2849
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!