АӨК саласындағы экожүйелер

10.06.2021

Қазақстанда бес жыл ішінде агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) саласында 4,5 трлн теңге сомасына 845 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров халықпен есептік кездесуінде.

 

"АӨК өнімдерін өндіру көлемін арттыру мақсатында жалпы республика бойынша бес жыл ішінде 4,5 трлн теңге сомасына 845 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған", — деді Сапархан Омаров.


Оның айтуынша, аталған инвестициялық жобалар өңірлер әкімдіктерімен және инвесторлармен пысықталған. Тиісті жол карталарына қол қойылды, Министрлік тұрақты негізде олардың іске асырылуына мониторинг және бақылау жүргізуде.

 

Министр Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша АӨК дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасының басымдығы ет, жеміс-жидек, көкөніс, қант, дәнді, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру және қайта өңдеуді қоса алғанда, ірі инвестициялық жобалар айналасында жеті экожүйені қалыптастыру болатынын түсіндірді.


"Бұл қосылған құны жоғары түпкі қазақстандық өнімді құруға қатыса алатын кемінде 350 мың фермерлік және үй шаруашылықтарын тартуға мүмкіндікбереді", — деп қосты Сапархан Омаров.

 

Экожүйелер өңірлік мамандануды ескере отырып, елдің барлық өңірлерінде құрылатын болады. Өңірлерді мамандандыру табиғи-климаттық және басқа да факторларға байланысты АӨК дамыту саласында мемлекеттік саясатты сараланған түрде және неғұрлым тиімді жүргізуге мүмкіндік береді, - деп түйіндеді Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы.

 

 

2021 жылғы 9 маусымда халықпен есептік кездесуде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің 2020 жылы дамуы және алдағы кезеңге арналған ағымдағы міндеттер туралы хабарлады.

 

"Өткен жылдың қорытындысы бойынша АӨК өндірісінің өсу көлемі қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының ұлғаюымен расталады, ол 2019 жылмен салыстырғанда 22% — ға өсіп, 1,3 млрд АҚШ долларын құрады", - деп атап өтті министр.

 

АӨК саласында жүргізіліп жатқан саясаттың тиімділігін британдық The Economist журналы өткізетін Азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық рейтингі де растайды, онда Қазақстан 2020 жылдың қорытындысы бойынша 16 позицияға көтеріліп , әлемнің 113 елінен 32-орынға ие болды.

 

 

Сондай-ақ мынаны оқыңыз: 


2021 жылы Қазақстандағы көктемгі дала жұмыстарына 128 млрд теңге жұмсалды


2021 жылы көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы туралы


ERI ЭЫДҰ-ның қант саласын қолдау жөніндегі вебинарына қатысты

 



Қарау саны: 2701
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!