ҚР-дың
14.06.2021
2021 жылғы қаңтар-сәуірде Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерімен өзара саудасы 7100,4 млн. АҚШ долларын құрады деп хабарлайды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының баспасөз-қызметі. Өзара сауданың жалпы көлемі номиналды мәнде өткен жылдың қаңтар — сәуір айларына қарағанда 19,8% - ға артық.
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында экспорт көлемі 2189,7 млн АҚШ долларын (өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 28,6% – ға артық), импорт-4910,7 млн АҚШ долларын (16,3% - ға артық) құрады. Ұлттық статистика бюросының ақпараты бойынша, Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде:
Бұдан бұрын ағымдағы жылдың мамыр айында ҚР Парламенті Сенатының депутаттары аванстық төлемдерді кедендік әкелу, арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарын төлеу есебіне есепке алу мүмкіндігіне қатысты "2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Заң қабылдады. Осы Хаттаманы ратификациялау сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға уақыт пен қаржы шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді деп хабарланды. Еуразиялық экономикалық одақ 2010 жылғы желтоқсанда ұлттық экономикаларды жан-жақты жаңғырту, кооперациялау және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және мүше мемлекеттер халқының өмір сүру деңгейін арттыру мүддесінде тұрақты даму үшін жағдайлар жасау мақсатында құрылды. Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения ЕАЭО мүшелері болып табылады. Бақылаушы елдер-Өзбекстан, Куба және Молдова. Сондай-ақ мынаны оқыңыз: Сенат ЕАЭО туралы шартқа түзетулерді ратификациялады 1,2 млрд доллар отандық экспортты қолдауға бағытталған
Қарау саны: 2723 |
|
|