Ұлттық байқау басталды
16.06.2021
15 маусымнан бастап Қазақстанда "Qazaqstan Project Management Awards 2021" ұлттық жобалық басқару байқауы басталды, деп хабарлады ОКҚ брифингінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Жобалық басқару департаментінің директоры Илона Шварцкопф. Оның айтуынша, ұлттық байқау мемлекеттік органдарда, квазимемлекеттік секторда, бизнес-ортада және ҮЕҰ-да жобалық басқарудың үздік тәжірибелерін дамытуға мүмкіндік береді.
"Qazaqstan Project Management Awards 2021" (QazPMA) байқауының негізгі мақсаты — өз қызметінде жобалық менеджмент әдістері мен құралдарын белсенді енгізетін және қолданатын мемлекеттік органдарды, ұйымдарды қолдау, мемлекеттік қызметшілерді көшбасшылық пен жаңа құзыреттерді дамытуға ынталандыру", — делінген конкурстың ресми парақшасында.
Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор, бизнес өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, еліміздің жоғары оқу орындары конкурсқа қатысушылар бола алады.
Байқау үш номинация бойынша өткізіледі: "Жылдың үздік жобасы", "Үздік жоба менеджері" және "Жылдың үздік жобалық кеңсесі". Байқаудың арнайы сыйлықтары қарастырылған: "Жылдың үздік гендерлік жобасы", "Жылдың үздік PM-жаттықтырушысы", "Балаға мейірімді үздік жоба".
QazPMA-ға өтінімдер жинау 2021 жылғы 15 маусымнан 15 шілдеге дейін жалғасады. Марапатқа үміткер әрбір жоба үшін жобаны белгіленген бағалау өлшемшарттарына сәйкес бағалайтын білікті бағалаушылардың арнайы тобы құрылады. Барлық бағалаушылар-Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы жанындағы жобаларды басқару ортасында жұмыс істейтін тәжірибелі кәсіпқойлар.
Конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің және Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) қолдауымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджментті дамыту орталығы болып табылады. "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы конкурс операторы болып табылады.
Конкурс бойынша толық ақпарат Мемлекеттік басқару академиясының сайтында орналастырылған. Конкурс 2020 жылдан бастап жыл сайын өткізіледі. Өткен жылы оған тек мемлекеттік органдар қатысты. Биылғы жылы конкурстың қағидаттық жаңалығы оған бизнес, квазимемлекеттік сектор, сарапшылар қоғамдастығы мен ҮЕҰ өкілдерінің қатысуы болып табылады. Қазақстан Үкіметі жобалық басқарудың заңнамалық негізін қалыптастырды.
Ұлттық экономика министрлігі уәкілетті орган болып айқындалды, оның негізгі міндеті ұлттық жобалық басқару жүйесінің әдіснамасы мен дамуы болып табылады. Жүйе мемлекеттік басқарудың үш деңгейін ұйымдастыруды және өзара іс-қимылды қамтиды:
Бүгінде Жобалық басқарудың бірыңғай ақпараттық жүйесінде онлайн режимінде ұлттық даму жоспарының барлық жалпыұлттық басымдықтары бойынша жобалық командалар жұмыс істейді. Яғни, іс жүзінде барлық мемлекеттік органдар осы цифрлық жүйеге интеграцияланған және жобалық форматта жалпы құжаттармен жұмыс істеуде, — деп қорытындылады ҚР ҰЭМ жобалық басқару департаментінің директоры Илона Шварцкопф.
Қарау саны: 2683 |
|
|