Үкімет отырысы
11.06.2021
Экономиканың дамуы, ақша-кредит саясаты, республикалық бюджеттің атқарылуы, мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев; әлеуметтік маңызы бар азық — түлік тауарларына бағаның ахуалы туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов; өнеркәсіп пен энергетика секторын дамыту туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов және Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев; агроөнеркәсіптік кешенді дамыту туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров баяндады.
Қазақстан экономикасы оң өсімді көрсетіп отыр. Ағымдағы жылдың бес айында өсім өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 % - ды құрады. Негізгі драйверлер өңдеу өнеркәсібі (7,2 %) және машина жасау (21,1%) болды. Құрылыс секторында (11,3 %) және тұрғын үйді пайдалануға беруде (12,5 % немесе 4,6 млн ш.м.) жоғары өсу қарқыны қамтамасыз етілді. Ауыл шаруашылығында тұрақты өсу қарқыны байқалады (3,1%). Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсуі тау-кен өндірісін есепке алмағанда 25,5% - ды құрады. Екінші ай қатарынан көрсетілетін қызметтер секторында — сауда (6,7%), байланыс (11,6%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (1,3%), қаржы және сақтандыру қызметі (1,6%) өсудің оң қарқыны байқалады. 2021 жылғы қаңтар—мамыр қорытындылары бойынша Маңғыстау облысы мен Шымкент қаласы барлық жеті негізгі макрокөрсеткіштер бойынша, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар және Түркістан облыстары-алты көрсеткіш бойынша, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстары, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары-бес көрсеткіш бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың өсуін қамтамасыз етті. Ең төменгі көрсеткіштерге Батыс Қазақстан облысында қол жеткізілді. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсу фактілерінің жолын кесу тапсырылды. Премьер-Министр министрліктер мен әкімдіктердің Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық экономика өсімінің жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша алға қойған міндеттерін іске асыру бойынша тиісті шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.
Қарау саны: 2690 |
|
|