Үкімет отырысы

11.06.2021

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының және 2021 жылғы қаңтар-мамырдағы республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары қаралды, деп хабарлады Премьер-Министрдің сайты.

 

Экономиканың дамуы, ақша-кредит саясаты, республикалық бюджеттің атқарылуы, мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев; әлеуметтік маңызы бар азық — түлік тауарларына бағаның ахуалы туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов; өнеркәсіп пен энергетика секторын дамыту туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов және Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев; агроөнеркәсіптік кешенді дамыту туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров баяндады.

 

Қазақстан экономикасы оң өсімді көрсетіп отыр. Ағымдағы жылдың бес айында өсім өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 % - ды құрады. 

 

 Негізгі драйверлер өңдеу өнеркәсібі (7,2 %) және машина жасау (21,1%) болды.

 

Құрылыс секторында (11,3 %) және тұрғын үйді пайдалануға беруде (12,5 % немесе 4,6 млн ш.м.) жоғары өсу қарқыны қамтамасыз етілді.

 

Ауыл шаруашылығында тұрақты өсу қарқыны байқалады (3,1%). 

 

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсуі тау-кен өндірісін есепке алмағанда 25,5% - ды құрады.

 

Екінші ай қатарынан көрсетілетін қызметтер секторында — сауда (6,7%), байланыс (11,6%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (1,3%), қаржы және сақтандыру қызметі (1,6%) өсудің оң қарқыны байқалады.

 

2021 жылғы қаңтар—мамыр қорытындылары бойынша Маңғыстау облысы мен Шымкент қаласы барлық жеті негізгі макрокөрсеткіштер бойынша, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар және Түркістан облыстары-алты көрсеткіш бойынша, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстары, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары-бес көрсеткіш бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың өсуін қамтамасыз етті. Ең төменгі көрсеткіштерге Батыс Қазақстан облысында қол жеткізілді.

Үкімет басшысы өңірлердің әкімдіктеріне мемлекеттік органдармен бірлесіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, азық-түлік өнімдерін өндіруді ынталандыру және ішкі нарықты молықтыру бойынша пәрменді шаралар қабылдауды тапсырды.

 

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсу фактілерінің жолын кесу тапсырылды.

 

Премьер-Министр министрліктер мен әкімдіктердің Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық экономика өсімінің жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша алға қойған міндеттерін іске асыру бойынша тиісті шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.





Қарау саны: 2769
Сақталған: 27.03.2025





Төрағаның блогы Әлемдегі жаңалықтар Қазақстан экономикасының оқиғалары Институттың жаңалықтары Пікір айдары National Economy: MONITOR Journal of Economy and Finance Пікір-талас клубы Сауалнама
2025
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!