Үкімет пен Есеп комитетінің
22.06.2021
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен палаталардың бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының Парламенті Үкімет пен Есеп комитетінің 2020 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітті, деп хабарлады ҚР Мәжілісінің баспасөз қызметі. Қазақстан Премьер - Министрі Асқар Мамин өз сөзінде қазіргі уақытта Үкіметтің елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған жұмысы туралы айтып берді. Бұл ретте Премьер-Министр депутаттық корпусқа сындарлы бірлескен жұмысы үшін алғыс айтты. Асқар Маминнің айтуынша, күрделі жағдайда нақты сектор Қазақстан экономикасы тұрақтылығының негізгі факторына айналды. Өңдеу саласы 3,9% деңгейінде өсім көрсетті. 2004 жылдан бері алғаш рет өңдеу өнеркәсібінің үлесі ЖІӨ-дегі тау-кен өндіру үлесінен асып түсті. Фармацевтика, дайын металл бұйымдары, машина жасау қарқынды өсуімен ерекшеленді. "Жобалардың басым бөлігі АӨК, металлургия, құрылыс индустриясы, машина жасау, химия өнеркәсібінде жүзеге асырылды. Бұл 19 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді", — деп нақтылады Асқар Мамин.
Пандемия кезеңінде жалпы көлемі 6,3 трлн теңге болатын дағдарысқа қарсы шаралардың үш топтамасы іске асырылды. Үкімет басшысы депутаттармен бірлескен жұмыстың арқасында экономикалық өсімді қалпына келтіруге бағытталған заң жедел қабылданғанын атап өтті. Ұлттық экономиканы индустрияландыру аясында 2020 жылы 916 млрд теңге сомасына 201 жобаіске асырылды, – деп қорытындылады Асқар Мамин. Сенат пен Мәжіліс депутаттарына 2020 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев таныстырды. Отырыста Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова да баяндама жасады. Қаржы министрі жалпы республикалық бюджеттің негізгі параметрлері орындалғанын атап өтті. "Түсімдер 12 трлн 49 млрд теңгені немесе жоспарға 100,3% - ды құрады, шығыстар 98,3% - ға игерілді және 14 трлн 234 млрд теңгені құрады. Бюджет тапшылығы 2 трлн 185 млрд теңгені немесе ЖІӨ — нің 3,1% -ын құрады — деп нақтылады Ерұлан Жамаубаев. Бюджеттік есептер бойынша бірлескен отырыста Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов пен Сенат депутаты Ольга Перепечинасөз сөйледі .
Тақырыпты дамыту барысында сенаторлар О.Булавкина, Д. Нұржігітова, Ж. Нұртөре, С. Карплюк, А. Нұралиев және мәжілісмендер Д. Нұрманбетова, М. Құлшар, А. Рау, С. Симонов, Е. Жаңбыршин сауалдарын қойды. Сенаторлар Д.Әділбеков, А. Бектаев, А. Әлназарова, мәжілісмендер М. Құсайынов, А. Перуашев, А. Қоңыров кеңейтілген баяндамаларда өз пікірін білдірді.
Қарау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Парламенті Есеп комитеті мен Үкіметтің 2020 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін мынадай көлемдерде бекітті: кірістер– 11 928 461 794 мың теңге, шығындар– 13 699 876 391 мың теңге.
Сондай-ақ мынаны оқыңыз:
Қарау саны: 2828 |
|
|