Қазақстан мен ШЫҰ елдері арасындағы тауар айналымы

24.06.2021

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының экономикалық форумында ШЫҰ елдері делегациялары басшыларының қатысуымен сөз сөйледі, деп хабарлады министрліктің сайты.

 

"2021 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен ШЫҰ елдері арасындағы тауар айналымы 14,2 млрд АҚШдолларын құрады , бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11% — ға жоғары (12,8 млрд АҚШ доллары), — деп атап өтті Бақыт Сұлтанов өз сөзінде.

 

 

Оның айтуынша, Қазақстанның ШЫҰ-ға қатысушы елдерге экспортын арттыру әлеуеті химия өнеркәсібі, тамақ өнеркәсібі, машина жасау және экономиканың басқа да өңдеу салалары бойынша шамамен 2 млрд АҚШ долларын құрайды.

 

Сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту және оның жоғары оң серпінін қолдау үшін қазақстандық делегация жеткізілетін тауарлар мен қызметтер номенклатурасын кеңейту, іскер топтар арасында тікелей байланыстар орнату бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруды ұсынды.

Қазақстандық тарап саудалық қаржыландыруға және деректермен алмасуға қолжетімділікті кеңейту мақсатында цифрлық платформаларды қолдана отырып, цифрлық инфрақұрылымды жаңғырту және кеңейту және трансшекаралық электрондық сауда үшін цифрлық түрлендірулерді жеделдету жөніндегі жұмысты жандандыруды ұсынды. Оның ішінде, электрондық сауда инфрақұрылымын дамыту, фулфиллмент орталықтарын дамытуды қолдау, маркетплейстерді тіркеу және әріптес елдердің нарықтарына шығару рәсімдерін жеңілдету.


"ШЫҰ шеңберінде тиісті инфрақұрылым құру, технологиялық үйлесімділікті қамтамасыз ету мақсатында цифрлық салада тығыз өзара іс — қимыл жасау қажет", - деп атап өтті министр.


Сондай-ақ, қазақстан тарапы өсіп келе жатқан платформаларға, сондай-ақ қатысушы елдердің аумағында тауарларды беру нүктелерін ашуға қажетті көмек көрсететін электрондық коммерцияны қолдау қорын құру туралы ұсыныс айтты.


"Шанхай ынтымақтастық ұйымы біздің елдеріміздің көшбасшыларының күш-жігері мен тікелей қатысуының арқасында сауда — экономикалық, көлік, экологиялық және басқа да салалардағы ынтымақтастықтың пәрменді тетігіне айналды", - деп түйіндеді өз сөзінде ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.

 

 

ШЫҰ форумы 23-24 маусымда Душанбе қаласында өтуде. Іс-шараның тақырыбы: "Цифрлық экономика, электрондық сауда және инновациялар саласындағы ынтымақтастықты арттыру".

 



Форум аясында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ШЫҰ қатысушы мемлекеттері делегацияларының басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

 

Кездесу барысында тараптар ішкі және сыртқы сауда, тауарлар мен қызметтер экспорты, коммерциялық және инвестициялық жобаларды іске асыру, зияткерлік меншік және электрондық сауда салаларындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

 

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына Ресей, Қытай, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан кіреді.

ШЫҰ-ға қатысушы елдердің, байқаушылар мен диалог бойынша серіктестердің жалпы саны үш млрд адамнан асады (әлем халқының 45% - ға жуығы).



Сондай-ақ мынаны оқыңыз: ҚР Сауда министрлігі экспорттаушыларды қолдаудың жаңа шараларын енгізуде


 



Қарау саны: 2729
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!