Мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобаларға көшу

25.06.2021

Қазақстанда мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобаларға көшу бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев ОКҚ брифингінде.

"Жыл басында мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі бекітілді. Осыған байланысты мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобаларға көшу бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде. Ұлттық жобалар нақты міндеттерді, нысаналы индикаторлар мен шараларды қамтитын болады. Олардың барлығы бюджеттен де, жеке ресурстардан да қажетті қаржыландырумен қамтамасыз етіледі", — деп атап өтті министр.

 

Оның айтуынша, мемлекеттің қолдау шараларынан кезең-кезеңімен шығу стратегиясын анықтау үшін талдамалық жұмыстарын ағымдағы жылы аяқтау жоспарланып отыр.

 

"Мемлекеттік қолдау шараларына келетін болсақ, біз қазір талдау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, ол ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін аяқталады. Оның аясында біз мемлекеттің қолдау шараларынан кезең-кезеңімен шығу стратегиясын анықтаймыз. Бірақ бұл эпидемиологиялық жағдайға, халықты вакцинациялау қарқынына тікелей байланысты болады", — деді Әсет Ерғалиев.

 

Оның айтуынша, талдамалық жұмыстар Үкіметпен, Ұлттық банкпен, Қаржылық реттеу және қадағалау агенттігімен бірлесіп жүргізілуде.

 



Бұған дейін ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин 2020 жылға арналған мемлекеттік қолдау шараларының қорытындылары туралы айтыпберген болатын.

 

"Мемлекеттік қолдау шараларымен 2020 жылы 1 трлн теңге сомаға 700 мың салық төлеуші қамтылды", — деді экономикалық ведомство басшысының орынбасары.

 

Өткен жылы пандемиядан зардап шеккен экономика салаларын қолдау үшін бірқатар шаралар қабылданды:

  • барлық ШОБ субъектілері үшін барлық салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеуді кейінге қалдыру енгізілді;

  • экономиканың ең осал секторларында 2020 жылдың соңына дейін мүлік салығының мөлшерлемесі нөлге теңестірілді;

  • әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін ҚҚС ставкасы 2020 жылғы 1 қазанға дейін 12% - дан 8% - ға дейін төмендетілді.

 

"Экономиканың ең көп зардап шеккен жиырма тоғыз секторында 2020 жылдың 1 қазанына дейін еңбекақы төлеу қорынан салықтар мен әлеуметтік төлемдер бойынша нөлдік мөлшерлемелер орнатылды", — деп толықтырды Азамат Амрин.

 





 

Ағымдағы жылы пандемия салдарын жою және іскерлік белсенділікті ынталандыру мақсатында жедел салық шараларының жаңа топтамасы қабылданды, — деп қорытындылады ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин.

 

 

Сондай-ақ мынаны оқыңыз: ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің халық алдындағы есептік кездесуі




Қарау саны: 2815
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!