ҚР Ұлттық экономика министрлігінде

29.06.2021

Кеше, 28 маусымда Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің төрағалығымен Тарифтік саясат жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады ведомство сайты.

 

Талқылауға ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, облыс әкімдерінің орынбасарлары, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің басшылығы, ҮЕҰ өкілдері қатысты.

 

"Ағымдағы экономикалық жағдайды ескере отырып, Үкімет коммуналдық қызметтер тарифтерінің негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауда. Сондай — ақ, тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілері арасындағы мүдделер теңгерімін қолдау бойынша жұмыстар жүргізілуде", - деді Әсет Ерғалиев отырыста.

 

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің 2020 жылғы қызметінің қорытындылары және ағымдағы жылға арналған міндеттер туралы ведомство төрағасы Асан Дарбаев айтып берді.

 

Мемлекет басшысының тарифтік саясат бөлігіндегі тапсырмаларын орындау аясында табиғи монополиялар  субъектілерінің (ТМС) қызметіне бақылау күшейтілді, ТМС сатып алуға талдау жүргізілді, тариф белгілеудің және халықпен кері байланыстың ашықтығы қамтамасыз етілді, ТКШ коммуналдық қызметтеріне негізделген тарифтер қамтамасыз етілді.


"2021 жылы коммуналдық қызметтерге тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеу және ҚР Үкіметі жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңесте бекітілген ТМС реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерден инфляцияға салым дәлізін сақтау бойынша жұмысты жалғастыру жоспарлануда", — деді комитет басшысы.


Бұдан басқа, 17 өңірлік комиссияның құрамы кеңейтілді, тариф белгілеу мәселелерін қарауға көп адамдарды тарту мақсатында қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қосылды.

 

Бүгінде өңірлік комиссиялардың құрамына облыстық мәслихаттың депутаттары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, "Атамекен" ҚР ҰКП, ҮЕҰ, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің, табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдері және сарапшылар кіреді.

 

Кеңес отырысының қорытындысы бойынша Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеу, монополистердің қаражатты мақсатты пайдалануына бақылауды қамтамасыз ету, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және Комитет алдына қойылған міндеттерді сапалы орындау жөнінде тапсырмалар берді. 

 

 

Тарифтік саясат жөніндегі кеңес-бұл табиғи монополиялар салаларындағы реттеудің мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарын әзірлеу бойынша ұсыныстарды талқылау және әзірлеу жөніндегі консультативтік-кеңесші орган. Тарифтік саясат жөніндегі кеңесті құру "Табиғи монополиялар туралы" ҚР Заңының (2018 жылғы 27 желтоқсандағы) шеңберінде көзделді. Кеңес туралы ереже және оның құрамы 2019 жылғы 30 қыркүйекте бекітілді.

ҚР ҰЭМ Тарифтік саясат жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы 2019 жылғы 15 қазанда өтті.

 


 



Қарау саны: 2743
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!