Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын
01.07.2021
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин жаңғырту жөніндегі Ұлттық Комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлады Үкімет басшысының сайты. Отырыста ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам" Ұлт жоспарының және Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауының орындалу барысы қаралды. Атқарылып жатқан жұмыстар туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаев, Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов баяндады. Қазіргі уақытта Ұлт жоспарының 100 қадамынан 72 қадам жүзеге асырылды: "Кәсіби мемлекеттік аппарат құру" бағыты бойынша - 15-қадамнан 13, "Заңның үстемдігін қамтамасыз ету" бағыты бойынша - барлық 19 қадам, "Индустрияландыру және экономикалық өсім" бағыты бойынша - 50 қадамнан 27, "Біртектілік пен бірлік" бағыты бойынша - 6 қадамнан 3, "Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру" бағыты бойынша - барлық 10 қадам. Ағымдағы жылы "Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру" және "Индустрияландыру және экономикалық өсім" бағыттары бойынша тоғыз қадамды орындау жоспарлануда. Отырыста мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшу, мектепте оқыту стандарттарын жаңарту және функционалдық сауаттылықты дамыту, экономиканың энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану саласының ашықтығы мен болжамдылығын арттыру, ауыл шаруашылығында су тұтынуды төмендету, сондай-ақ салық міндеттемелерін орындауды, оның ішінде цифрландыру арқылы жеңілдету мәселелері қаралды. Жаңа инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, сервисті жетілдіру және транзиттік тасымалдар жылдамдығын арттыру арқылы көлік-транзиттік сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі жұмыстардың барысы талқыланды. Премьер – Министр "ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам" Ұлт жоспарын және Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын толық және сапалы орындау бойынша белсенді жұмысты жалғастыруды тапсырды. Экономиканың басым секторларындағы жаңа ірі жобаларға стратегиялық инвесторларды тарту, өңдеу секторы мен экспорттық әлеуетті дамыту, негізгі азық-түлік тауарлары бойынша ұлттық экономиканың жеткілікті болуын қамтамасыз ету жөніндегі тармақтарға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ мынаны оқыңыз: ҚР Президенті
Қарау саны: 2683 |
|
|