Үш өнеркәсіптік нысан

07.07.2021

Астана күніне орай Алматыда жалпы сомасы 3,8 млрд теңгеге үш өнеркәсіптік нысаны іске қосылды

Автоклавты газ-бетон өндірісі және жеңіл, металл өңдеу және жиһаз өнеркәсібінің алты субъектісі іске қосылды

 

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Алматы индустриялық аймағында үш өнеркәсіптік нысан іске қосылды, деп хабарлайды Kazinform.

 

Бұл "СК Рахат" ЖШС мен "Г. С. Г. Высотник" ЖШС автоклавты газ-бетонды өндіру бойынша зауыттар және ADS industries өнеркәсіптік паркінің бірінші кезеңін іске қосу. ADS industrie-де жеңіл, металл өңдеу және жиһаз өнеркәсібі өнімдерін шығару бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің алты субъектісі орналасады.

 

"СК Рахат" ЖШС мен "Г. С. Г. Высотник" ЖШС зауыттары Алматы қаласының әлеуметтік және коммерциялық тұрғын үйдің ірі құрылыс салушыларын құрылыс материалдарымен

қамтамасыз етеді. Өнімдер қолданыстағы МСТ стандартына сәйкес жергілікті шикізаттан шығарылады.

 

"СК Рахат" ЖШС өндірісінің бірінші кезеңінің құрылысына 1,5 млрд теңге инвестиция салынды. Кәсіпорында жылына 180 мың текше метр өнім шығару жоспарланыпотыр, 40 жаңа жұмыс орны ашылды. "Г. С. Г. Высотник" ЖШС  инвестициялар сомасы 1,7 млрд теңгеден астамсоманы құрады . Өндіріс қуаттылығы — жылына 100-120 мың текше метрден астам өнімшығару , 85 жаңа жұмыс орныашылды .


ADS industries ЖШС өнеркәсіптік паркі Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша басталған Almaty Business-2025 өңірлік бағдарламасының қатысушысы болып табылады.


Өнеркәсіптік парктің құрылысына шамамен 150 млн теңге инвестицияланды. Бірінші кезеңде 1,5 мың шаршы метр өндірістік үй-жай пайдалануға берілді. Мұнда жеңіл, металл өңдеу және жиһаз өнеркәсібі өнімдерін шығаратын шағын және орта кәсіпкерліктің алты субъектісі орналасады. Өнеркәсіп паркінің жалпы ауданы 450 млн теңге инвестициямен және 160 жұмыс орнын құрумен 4,5 мың шаршы метрді құрайды.


 



Қарау саны: 2658
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!