Үш өнеркәсіптік нысан
07.07.2021
Астана күніне орай Алматыда жалпы сомасы 3,8 млрд теңгеге үш өнеркәсіптік нысаны іске қосылды
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Алматы индустриялық аймағында үш өнеркәсіптік нысан іске қосылды, деп хабарлайды Kazinform. Бұл "СК Рахат" ЖШС мен "Г. С. Г. Высотник" ЖШС автоклавты газ-бетонды өндіру бойынша зауыттар және ADS industries өнеркәсіптік паркінің бірінші кезеңін іске қосу. ADS industrie-де жеңіл, металл өңдеу және жиһаз өнеркәсібі өнімдерін шығару бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің алты субъектісі орналасады. "СК Рахат" ЖШС мен "Г. С. Г. Высотник" ЖШС зауыттары Алматы қаласының әлеуметтік және коммерциялық тұрғын үйдің ірі құрылыс салушыларын құрылыс материалдарымен қамтамасыз етеді. Өнімдер қолданыстағы МСТ стандартына сәйкес жергілікті шикізаттан шығарылады. "СК Рахат" ЖШС өндірісінің бірінші кезеңінің құрылысына 1,5 млрд теңге инвестиция салынды. Кәсіпорында жылына 180 мың текше метр өнім шығару жоспарланыпотыр, 40 жаңа жұмыс орны ашылды. "Г. С. Г. Высотник" ЖШС инвестициялар сомасы 1,7 млрд теңгеден астамсоманы құрады . Өндіріс қуаттылығы — жылына 100-120 мың текше метрден астам өнімшығару , 85 жаңа жұмыс орныашылды .
Қарау саны: 2623 |
|
|