"Батыс Еуропа-Батыс Қытай" жолы
08.07.2021
ҚР ИИДМ: жақында "Батыс Еуропа—Батыс Қытай" жолындағы тоннельдердің бірінде қозғалыс ашылады Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы тоннельдің сол жағында қозғалыс ашылады. Жақында "Батыс Еуропа—Батыс Қытай" жолындағы тоннельдердің бірінде қозғалыс ашылады, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
"Қазір тоннельдің сол жағын тесу аяқталды. Бетон жұмыстары аяқталуда. Бұдан әрі жол төсемінің құрылымдық қабаттары бойынша жұмыстар басталып, кейіннен қозғалыс ашылады", — делінген хабарламада. "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" халықаралық транзиттік дәлізін реконструкциялау жобасы бойынша Түркістан облысының Шақпақ баба кентінде "Қорғас — Алматы — Тараз — Шымкент — Ташкент" 593-632 км тоннелінің құрылысы жүріп жатыр. "Евраскон" ААҚ мердігерлік ұйымы және "Temelsu consult" техникалық қадағалау қызметі Дүниежүзілік банк пен Автомобиль жолдары комитетінің қатысуымен тоннель салу мәселесі бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізді.
"Батыс Еуропа – Батыс Қытай" — Еуропа мен Азия арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған трансұлттық инфрақұрылымдық жоба. Автомагистральдың жалпы ұзындығы – 8445 километр (Ресей аумағы бойынша – 2233, Қазақстан аумағы бойынша – 2787 және Қытай аумағы бойынша-3425 километр). Көлік дәлізі Санкт-Петербургтен (РФ) Ресей, Қазақстан және Қытайдың ондаған қалалары арқылы (Ляньюньган қаласына дейін) өтеді. Қазақстан бойынша дәліз бес облыстың (Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы) аумақтары арқылы өтеді. _____ Қазақстандық учаске бойынша құрылыс жұмыстары 2011 жылы басталып, дәліздің барлық ұзындығы бойынша қозғалыстың ашылуымен 2017 жылы аяқталды. Бұл жоба үш негізгі бағыт бойынша жүк тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді: Қытай – Қазақстан, Қытай – Орталық Азия, Қытай – Қазақстан – Ресей – Батыс Еуропа. Ұзындығы 840 м қос жолды тоннель құрылысына дейін "Шымкент – Жамбыл облсының шекарасы" учаскесінен басқа көліктің барлық түрлері үшін дәліз бойынша қозғалыс ашылды.
Қарау саны: 3717 |
|
|