Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау шаралары туралы

09.07.2021

Мәулен Әшімбаев: "Әлеуметтік кәсіпкерлік жүйелі қолдауға ие болуда"

Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі заң әлеуметтік кәсіпкерлерге салықтық жеңілдіктер мен қаржылық қолдау мөлшерін айқындайды.

"Әлеуметтік кәсіпкерлік жүйелі қолдауға ие болуда", — деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматы облысындағы әлеуметтік кәсіпкерлермен кездесуде деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының сайты.


Сенат спикері әлеуметтік кәсіпкерлік экономикада аса маңызды рөл атқара бастағанын және оның дамуына ел басшылығы тарапынан ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. 

 

"Әлеуметтік кәсіпкерлік-бұл жаңа, бірақ болашағы бар бағыт. Бұл сала адамдардың өзекті әлеуметтік мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Өздеріңіз білесіздер, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бағытқа ерекше көңіл бөледі", — деді Мәулен Әшімбаев.

 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөнінде заң дайындалды. Заң жобасының бастамашылары сенаторлар тобы болды.

 

"Заң алғаш рет "әлеуметтік кәсіпкерлік" ұғымын айқындайды. Сондай-ақ, бұл заң әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдаудың нақты шараларын анықтайды. Бұл салық жеңілдіктері және қаржылық қолдау көрсету, соның ішінде несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және жалдау ақысын төлеу арқылы. Жеңілдікті шарттармен мемлекеттік меншіктегі үй-жайларды жалға алу мүмкіндігі берілетін болады. Сондай — ақ, мемлекет әлеуметтік маңызы бар жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін гранттар бөледі", — деп түсіндірді Сенат спикері.

Оның айтуынша, Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікті жүйелі қолдау бағытында өте маңызды қадам жасалды.

Алдағы кезеңде сенаторлар әлеуметтік жобаларды қолдау бойынша жаңа шараларды талқылап, ұсынуға дайын, деп қорытындылады Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Кездесуге облыс және Алматы қаласының әлеуметтік кәсіпкерлері қатысты. Қатысушылар бағыттың даму перспективаларын талқылап, әлеуметтік бағдарланған жобалар мен өндірістерді одан әрі қолдау бойынша өз ұсыныстарын айтты.

 

_____

 

Ағымдағы жылдың маусым айында ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік, әлеуметтік кәсіпкерлік және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады.

 

Кәсіпкерлік Кодексінде ресми түрде жеке тарау — "Әлеуметтік кәсіпкерлік" пайда болады. Онда кәсіпкерліктің қандай түрін әлеуметтік деп атауға болатындығы, бұл мәртебені қалай алуға болатындығы және мұндай кәсіпкерлер мемлекеттен қандай қолдау таба алатындығы көрсетілген.

 

Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту және оны ынталандыру мен қолдау бойынша мемлекет іске асырып жатқан шаралар туралы заң жобасы туралы таныстырылыммен (2021 жылғы 30 наурыздағы деректер бойынша) сілтеме бойынша танысуға болады.


Сондай-ақ мынаны оқыңыз: Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысы




Қарау саны: 2751
Сақталған: 09.07.2021






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!