ҚР ИИДМ: Қазақстанда
13.07.2021
Қазақстанда отандық құрылыс материалдарының онлайн-саудасы бойынша "Маркетплейс" ақпараттық алаңын іске қосу жоспарлануда Бұл материалдардың құнын 15% - ға дейін төмендетіп, құрылыс материалдары нарығының ашықтығын қамтамасыз етеді деп күтілуде. Өнім құнының негізсіз көтерілуін болдырмау мақсатында отандық құрылыс материалдарының онлайн-саудасы бойынша "Маркетплейс" арнайы ақпараттық алаңын құру қарастырылуда, деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев ОКҚ брифингінде. Оның айтуынша, мемлекеттің қолдауымен онлайн-алаң құрылыс материалдарын белгіленген бағамен сатуға мүмкіндік береді. "Бұл материалдардың құнын 15% — ға дейін төмендетуге және құрылыс материалдары нарығының ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді",-деп атап өтті вице-министр. Спикер бірінші кезеңде 2020 жылы "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысатын құрылыс компанияларының құрылыс материалдарына қажеттіліктерінің онлайн-витринасы құрылғанын айтты. Қазақстандық құрылыс өнімдерін өндірушілердің коммерциялық ұсыныстарын ЭЦҚ арқылы тіркеуден өткеннен кейін компанияларға жіберуге мүмкіндігі бар. Құрылыс компаниялары жеке кабинеттерде өздеріне сәйкес ұсыныстарды қарастырып, таңдай алады. Қазіргі уақытта витрина www.stroimaterial.kz сайтында сынақ режимінде іске қосылды
Қайырбек Өскенбаев жобаны іске асырудың екінші кезеңі жөніндегі жоспарларымен бөлісті. 2021-2022 жылдары материалдарды өндірушілер үшін өз құрылыс материалдарының витриналарын жариялау функциясы әзірленетін болады. Барлық қатысушылар үшін ЭЦҚ қолдана отырып, шарттарды онлайн жасасудың бизнес-процесін енгізу жоспарлануда. "Маркетплейсте" логистикалық компаниялармен ынтымақтастықта тауарларды жеткізуді бақылау функциясы пайда болады.
Сондай-ақ мынаны оқыңыз: Қазақстанның құрылыс индустриясын дамытудың 2025 жылға дейінгі жол картасы
Қарау саны: 2754 |
|
|