ҚР Сауда министрлігі: барлық 24 көтерме-тарату сауда орталықтарын
14.07.2021
ҚР Сауда министрлігі 2024 жылдың соңына қарай барлық 24 көтерме-тарату сауда орталығын пайдалануға беруді жоспарлап отыр Бірінші кезеңде келісімшарт жасалып, жеті КТО бойынша жұмыстар басталды Біз 2024 жылдың соңына қарай барлық 24 көтерме-тарату сауда орталығын (КТО) пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз, деп хабарлады ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ОКҚ брифингінде. "24 КТО, оның 15-і - ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру орындарына орналастырылатын агрологиялық типтегі көтерме-бөлшек сауда орталықтары, алайда олар бәрі-бір тапшылықты өтейалмайды ", — деп түсіндірді министр. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың 10 шілдесінде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін КТО зәкірлі жүйесін құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бірінші кезеңде өткен аптада келісімшарт жасалып, жеті КТО бойынша жұмыстар басталды, деді Бақыт Сұлтанов. Ол ұлттық тауар өткізу желісін құру бойынша жұмыс мемлекеттік-жеке меншік әріптестік қағидаттарындажүргізіліп жатқанын атап өтті . "Біз жеке инвесторлардың консорциумдарымен ынтымақтастықты пысықтадық. Бастама айтылды, өткен жылы біз барлық рәсімдерді, тиісті сараптаманы жүргіздік. Басқа келісімшарт бойынша 3-4 жыл, тіпті 15 жыл өткен жұмыс бір жыл ішінде өтті деп объективті түрде айту керек", - деді ведомство басшысы. Сауда және интеграция министрлігі бизнес өкілдерінің зәкірлі жобаның айналасында көкөніс қоймаларын құруға тырысуына ықпал етеді.
"Олардың барлығы осы зәкірлі жобаның айналасында бірыңғай жүйеге құрылатын болады", — деп хабарлады Бақыт Сұлтанов. Оның айтуынша, бірыңғай ақпараттық жүйе негіз болады,ол ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өзекті ақпарат алуға және өз өндірісінің көлемін болжауға және тиісінше, өнімділікке бағытталған инвестицияларды есептеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ мынаны оқыңыз: Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі
Қарау саны: 2684 |
|
|