70 мың қазақстандық
15.07.2021
Қазақстанда жұмысынан айрылуына байланысты 70 мыңнан астам адам төлем алдыБиыл 47 мың азаматқа төлем алғаш рет тағайындалды.2021 жылдың 1 шілдесіне Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алушылардың саны 70,3 мың адамды құрады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (ЕХӘҚМ) баспасөз қызметі. Биыл 47 мың азаматқа төлем алғаш рет тағайындалды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты бір айдан алты айға дейін жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған табыстың 40% - на дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Жұмыстан босатылған қызметкерге төлем тағайындау үшін:
Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған кезде ЕХӘҚМ ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-дан төлем тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісім беру үшін ұялы телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады. МӘСҚ қаражаты есебінен жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адам жұмыс іздеп жүрген кезеңде оны қолдауға арналған. Бұдан бұрын хабарланғандай, жұмыссыздарды тіркеу рәсімдерін жеңілдету және жұмыспен қамтуды қолдау бойынша мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдету үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Электрондық еңбек биржасы (ЭЕБ) арқылы халықты жұмыспен қамту орталықтарының қашықтықтан қызмет көрсету функционалын іске қосты. ЭЕБ-тегі жеке кабинетте қазақстандықтар жұмыс іздеп жүрген адам (немесе жұмыссыз) ретінде есепке тұра алады және тіркеудің барлық кезеңдерін қадағалай алады. Жұмыссыз мәртебесін бекіткеннен кейін азаматтар (әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар) онлайн режимде ЭЕБ-ке жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемге өтінім жібере алады және мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына-жастар практикасына, әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға бос жұмыс орындарын өз бетінше таңдай алады. Жоғарыда көрсетілген қызметтерді онлайн-режимде алу үшін ЭЦҚ арқылы ЭЕБ-те тіркеуден өту қажет.
Сондай-ақ мынаны оқыңыз: Қазақстанда 2021 жылы Жұмыспен қамту жол картасы аясында 41 мың жұмыс орны ашылады
Қарау саны: 2664 |
|
|