Қазақстан ОПЕК + келісімі аясында мұнай өндіруді
19.07.2021
Қазақстан ОПЕК + келісімі аясында мұнай өндіруді арттырады, деп хабарлайды Kazinform.
18 шілдеде ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысы бейнеконференция форматында өтті. Отырысқа Қазақстан атынан Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев қатысты. Министр өз сөзінде ОПЕК+ келісімі аясында қабылданған шаралардың арқасында әлемдік мұнай нарығындағы жағдай жақсы жаққа өзгергенін атап өтті. Қазақстан Келісімге қатысушы елдердің ағымдағы өндіру деңгейін арттыруды жақтады.
Отырыс қорытындысы бойынша ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін Келісімге қатысушылар тәулігіне 5,8 млн баррельге шектеуді алып тастағанға дейін ай сайын тәулігіне 400 мың баррельге ұжымдық арттыру туралы шешім қабылданды.
ОПЕК+ аясындағы Қазақстан үшін квота тамыз айында тәулігіне 1,491 млн баррельді құрайды және ай сайын өндіру орташа есеппен тәулігіне 16 мың баррельге артады. 2021 жылдың желтоқсанында ОПЕК + елдері нарықтың жай-күйін және одан әрі мүмкін болатын шараларды талқылау үшін кездесу өткізеді.
Қарау саны: 2647 |
|
|