Жаңа оқу жылына дайындық туралы есеп

06.08.2020

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы есебін тыңдады.

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап оқу жылы эпидемиологиялық жағдайға байланысты қашықтықтан оқыту форматында басталады.

Білім және ғылым министрлігі басшысының айтуынша қашық орналасқан ауылдық аз қамтылған мектептердің оқушылары штаттық режимде оқитын болады. Бастауыш мектептердің оқушылары ата-анасының өтініші бойынша кезекшілік топтарда сабақ оқи алады - қатаң санитариялық талаптарды сақтай отырып, кезекші сыныптар ашылады.

«Алдын ала болжам бойынша интернет-алаң мен теледидарды пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту форматында 2,6 миллион оқушы, кезекші сыныптарда 530 мың бала, штаттық режимде 157 мыңнан астам бала оқитын болады», — деп хабарлады Аймағамбетов.
 
Президент қашықтықтан оқыту режимінде осал санатты отбасылардың балаларына қолдау көрсету қажеттілігін ерекше атап өтті. Сонымен бірге, қажетті іс-шаралар тізімінде: педагогтардың мәртебесін арттыру, оларды өздеріне тән емес функцияларды орындаудан шектеу және 2021 жылдың қаңтарынан бастап еңбек ақысының  25%-ға ұлғаюын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізу.

Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ жоғары оқу орындарының академиялық дербестілігін әрі қарай кеңейту, жоғары білім сапасын арттыру және жоғары оқу орнындағы ғылымды дамыту бойынша міндеттерді анықтады.


Қарау саны: 2885
Сақталған: 06.08.2020






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!