20 қазақстандық компания
23.07.2021
21 қазақстандық компания БҚДА-дан хабарлама алғаннан кейін құрылыс материалдарының бағасын төмендетті Монополияға қарсы департаменттер маусым айынан бастап бұзушылық белгілерін жою және бағаны төмендету қажеттілігі туралы 57 хабарлама шығарды 21 қазақстандық компания ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің монополияға қарсы департаменттерінен хабарлама алғаннан кейін құрылыс материалдарының бағасын төмендетті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Бүгінгі таңда құрылыс материалдарының 25 нарығы талданып жатқаны атап өтілді. Құрылыс материалдарын өндіруді және көтерме жеткізуді жүзеге асыратын мыңнан астам нарық субъектілері қамтылды. Монополияға қарсы департаменттер бұзушылық белгілерін жою және бағаны төмендету қажеттілігі туралы 57 хабарлама шығарды. Ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 15 шілдесі аралығында БҚДА өңірлік монополияға қарсы департаменттері құрылыс материалдарының 13 түрі (арматура, кірпіш, табақ шыны, бетон, бетоннан жасалған қабырға блогы, цемент, кабель, профлист, қадалар, жабын плитасы, полиэтиленді құбырлар, мин.плита, газ блоктары) бойынша құрылыс материалдарын өндірушілер мен көтерме жеткізушілерге 700-ге жуық сұрау жіберді. Қосымша 16 шілдеден бастап құрылыс материалдарын өндірушілерге 349 жаңа сұраныс жіберілді. Бүгін 21 компания хабарламаныорындады, оның ішінде бағаларды төмендетті: - цемент Ақмола облысында ("Фирма Строительный Двор" ЖШС, "База ВостокСтрой" ЖШС, ЖК "Дворцевая Е. В.", ЖК "Егоров П. Н.") 32 000 теңгеден 27 000 теңгеге дейін; -арматура Шығыс Қазақстан облысында ("Беакрис-Металл" ЖШС) 460-тан 441 мың теңгеге дейін және ("Титан-Восток" ЖШС) 438-ден 350 мың теңгеге дейін; –швеллерлер Шығыс Қазақстан облысында ("ПКФ" Титан" ЖШС) 360 мыңнан 350 мың теңгеге дейін; -полиэтилен құбырлары Ақмола облысында ("Тыныс" АҚ) бір төсеме метрге 1 952 теңгеден 1 430 теңгегедейін ("Арыстан" Степногорск құбыр зауыты " ЖШС) бір төсеме метрге 2 081 теңгеден 1 962 теңгеге дейін; - қиыршық тас Алматы облысында ("Кентас" ЖШС, "АКНМ" ЖШС) текше метр үшін 1 650-ден 1 200-ге дейін; -кабель Батыс Қазақстан облысында ("ОК Орал Кабель" ЖШС) 5-тен 14%-ға дейін
10 цемент ("Компания Гежуба Шиелі Цемент" ЖШС, "Central Asia Cement" АҚ, "Әулие-Ата цемент" ЖШС, "Әулие-ата цемент груп" ЖШС), кірпіш ("Д.Д. А." ЖШС, "Шалкибаев" ЖК), қиыршық тас ("Ақтас" ЖШС, "Керамик инвест" ЖШС), бетон және темірбетон бұйымдарын ("Нұр-Строй ЛТД" ЖШС, "БатысАльянсСтрой" ЖШС) өндірушілермен және жеткізушілермен монополияға қарсы заңнама нормаларын сақтау және бағаны төмендету туралы комплаенс жасалған.
Монополияға қарсы жасалған комплаенс аясында Қарағанды облысы бойынша цемент өндіруші "Central Asia Cement" АҚ 2021 жылдың 20 шілдесінен бастап бағаны 7%-ға төмендетті, делінген БҚДА баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сондай-ақ мынаны оқыңыз: ҚР ИИДМ: Қазақстанда отандық құрылыс материалдарының саудасы үшін онлайн-алаң құрылады
Қарау саны: 2672 |
|
|